Адам мертіккенде/марқұм болғанда іштен айтылатын дұға не болмаса сөз білмейді екем, айтып жіберсеңіздер...

+3 дауыс
3.7k қаралым
Көңіл айтумен шатастырмаңыз, осындай жаңалық естігенде ішіңнен айтатын бір ауыз сөз ?   ..Алла риза болсын.
Жалпы сұрақ

4 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Адам мертіккенде, ауырып ауруханадан жазылып шыққанда Қайырлы, бейнет болсын деп, ал марқұм болса, Қайырын берсін, иманды болсын деп айтып жатады
.. рахмет
оқасы жоқ
+1 дауыс
"Жатқан жері жайлы болсын,Топырағы торқа болсын.",-деп айтады
) рахмет
оқасы жоқ
0 дауыс
мен ондай хабар естігінде ішімнен "Жаны жәнәтта болсын" немесе "Қайырлы болсын"  деймін.Және  осы кунге шукіршілік етемін...
0 дауыс
Аллаһтың атымен.
Аллаһ Құранда айтады:
«Қашан оларға бір қайғы жетсе, олар біз шын мәнінде Аллаһқа тәнбіз, Әрі Оған қайтушымыз.деп айтты. Міне соларға Раббылары жақтан жарылқау және мәрхемет бар. Әрі олар тура жолдағылар», – деп айтқан. /Бақара: 156 – 157/   
Жаман хабар естігенде немесе қиындыққа тап болғанда" біз Аллаһқа тәнбіз, әрі оған қайтарыламыз" - деп айту керек.
Аллаһ жақсырақ біледі.
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы