+1 дауыс
1.4k көрілді
өлең түріндегі ырым-тыйымдарды білесіздер ме? тауып берсеңіздер?

1 жауап

0 дауыс
Тобық жұту, тыйым, шөбере алақанынан су ішу

Тобық жұту

         Халықта қоян тобығын жұту ырымы – ежелден бар дәстүр.
``Оның шарты – тобықты жұтушы жас адам жұтар алдында:

Батыр болсам – жүрегімнен шық,

Палуан болсам – білегімнен шық,

Шешен болсам – таңдайымнан шық,

Бақытты болсам – маңдайымнан шық, - деп серттесіп барып жұтады.
Халық ұғымында тобық қасиетіне қарай әлгі адамның айтқан жерінен шығады деген түсінік болған.


----------
Көші-қоңың Айға қарап түзеген, егіннің егу мен жинау мезгілдерін Аймен «санасып» межелеген ата-бабаларымызға қайран қалмасқа лажымыз жоқ. Көктің тілін түсінген қариялардың

«Ай қораланса, қыс қатты болады»,
«Ай шалқалап туса, ауа райы мал-жанға жайсыз болады»,
«Ай тік туса, өзіне жайсыз, халыққа жайлы болады»,
«Ай мен Үркер тоғыс кезінде бір-бірінен алшақ болса, ауа райы мал-жанға жайсыз болады» деп қауіп-қатердің алдын алып отырғаны сөзсіз.


----------


Қазақтың керемет дәтүрлерінің бірі – Айға сәлем беру. Бұл Айға деген үлкен құрмет белгісі ғана емес, ескі айды өткеріп, жаңа аға аяқ басқандығына шүкірлік нышаны емес пе? Қазір айға сәлем беруді жас ұрпақ жадынан шығара бастады.
– Ассалаумағаликум, Айеке,
Ай көрдім, аман көрдім...
Жаңа айда жарылқа,
Ескі айда есірке, – деп басталатын амандсу рәсімі әрмен қарай көкейдегі тілектерді айтумен жалғасын табады.


----------
Ғылыми медицина дамымаған кезде, қазақ халқының (және бүкіл әлемдегі барлық халықтардың да) орташа өмір сүру ұзақтығы 45-50 жастан аспаған және ол заманда жаңа туған сәбидің шетінеп кетуі де өте жиі кездесетін. Бұл сөз - "ұрпағы жалғасып, үрім-бұтағы жайылған қарттың арманы жоқ" дегенді білдіреді. Қазақтар ол заманда көп балалы болуды дәріптеген. Себебі, ондай аласапыран заманда халықты жер бетінде тек топырлаған көп балалы болу ғана сақтап қалатын. Мысалы мынадай өсиет нақыл сөздер сондайдан қалған:

Бір ұлы бар қатынның - шығар-шықпас жаны бар,
 Үш ұлы бар қатынның - құйрықбауыр, жалы бар,
 Бес ұлы бар қатынның - Бұқарадай бағы бар,
 Жеті ұлы бар қатынның - Самарқандай сәні бар,
 Тоғыз ұлы бар қатын - Түркістанда тойы бар!


----------
[Немесе мына сілтемеге кіріп көр)))) ][1]


  [1]: http://www.abai.kz/content/seiit-kenzheakhmetyly-kazak-yrymdary?page=1
...