0 дауыс
343 көрілді
Здравствуйте! Мы рады приветствовать Вас на новом сайте для студентов! Наверняка Вы побывали на многих подобных ресурсах, где встретили десятки тысяч рефератов, курсовых, лекций т.д. Но везде практически одно и то же содержание и одни и те же курсовые. Чем отличается наш сайт? Все курсовые мы приобретаем у таких же студентов как Вы, которые, в свою очередь, их самостоятельно выполнили и успешно защитили, получив положительную оценку, а не скачивали с безликих сайтов.
У нас Вы найдёте большое количество всевозможных курсовых по самым разнообразным темам.
При обновлении ресурса, мы постарались учесть все пожелания наших клиентов: максимально облегчили дизайн ресурса, добавили новых курсовых и рефератов, появилась возможность оценивать каждый отдельный файл. Однако, основная цель для нас была и остаётся – это максимум новых и качественно выполненных курсовых, лекций и т.д. для Вас!

аударып беріндерші өтінем!!!

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Саламатсыз ба.Біз сізді жаңа ашылған студенттер сайтынан көргенімізге қуаныштымыз.Сіз бұған ұқсас талай сайтты көрген боларсыз.Ішінде қанша мың реферат, курстық жұмыстар, және лекциялар.Бірақ іс жүзінде барлығында сол бір мазмұн, сол бір курстық жұмыс.
Біздің сайттың ерекшелігі қандай?Барлық курстық жұмыстарды өзіңіз секілді студенттерден аламыз, ал олар өз кезегінде өзге сайтардан көшірмей жақсы қорғалып ,оң бағасын алған.
Сіз бізден әртүрлі тақырыпта барлық курстық жұмыстарды таба аласыз.Ресуртстардың жаңаруы кезінде біз клиенттеріміздің барлық тілек-қалауларын есепке алуға тырыстық:ресурс дизайнын оңай қылдық, жаңа курстық жұмыстар мен рефераттарды қостық, әрбір файлға жеке баға беру мүмкіндігі пайда болды.Бірақ, біздің негізгі мақсатымыз - Сіз үшін жаңа және сапалы орындалған курстық жұмыстар мен лекциялардың көп болуын қамтамасыз ету!
+2 дауыс
Сәлеметсіз бе! Студенттерге арналған жаңа сайтымызда өзіңізді көргенімізге қуаныштымыз! Бұған дейін мыңдаған рефераттар, курстық жұмыстар, лекциялары және т.б. материалдары бар осыған ұқсас басқа ресурстарда болған шығарсыз. Бірақ барлық жердегі мазмұндар да, курстық жұмыстар да бір-біріне ұқсас. Біздің сайттың олардан не айырмашылығы бар? Барлық курстық жұмыстарды сайттардан көшірмей, Өзіңіз сияқты студенттерден алғанбыз, өз кезегінде олар жобаларын өздері дайындап, сәтті қорғап шығып, жақсы баға алған студенттер. Бұл жерден өзіңізге қажет болар түрлі мазмұндағы курстық жұмыстарды ала аласыз. Ресурсты жаңарту барысанда, клиенттеріміздің ұсыныстары мен сұраныстарын ескере отырып: ресурс дизайнын барынша жеңілдетуге тырыстық, жаңадан курстық жұмыстар мен рефераттар қосып, әр файлға жеке баға беру мүмкіндігін қарастырдық. Қанша дегенмен біздің мақсатымыз, Сіз үшін - максимум жаңа әрі сапалы орындалған курстық жұмыстардың, лекциялардың және т.б. материалдардың санын арттыру болып қала бермек!
Сайт жасалғаны көңілге қуанышты. Бірақ орыс тілінен қазақ тіліне аударғанда, біріншіден сөздердің дұрыс қолданылуына, екіншіден, стильдік ерекшелігіне назар аударсаңыз жақсы болар еді. Осы аударма ғана емес, сайтқа салынатын барлық жұмыстарыңызда қазақ тілінде кемшіліктер кетпесе, Сіз қолға алған игі еңбектің еш кетпегені де...
...