+1 дауыс
18.2k көрілді
Қыз сынына жақсы бір тақпақ керек.Тезірек 6-наурызға.Қыз сыны байқауыұ
Есімім-Айдана:S

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!

Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!

Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!

Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

Атым -АЙДАНА болады сұрасаңыз,
Шеркеш екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Анашым Тугленшедей Бәленше қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!

Ұстазым - ... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!

Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
20 рет қайталаныпты ғой)
0 дауыс
[http://alem.clan.su/load/m_limetter/tanystyru/52][1] осы жерде бар
https://surak.baribar.kz/44286/#a53285


  [1]: http://alem.clan.su/load/m_limetter/tanystyru/52
0 дауыс
АйДана:) Сізге көп-көп рахмет)!
Пікірге жазсашы
...