Жауапсыз махаббат туралы , , , , , , , ,

0 дауыс
4.5k қаралым
Жауапсыз махаббат жайлы пикирталас болатын еди. Соган жауапсыз махаббат жайлы не козгауга болады? Жалпы жауапсыз махаббат жайлы ойларыныз
• Санаты: Махаббат Белгісіз

6 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Жауапсыз махаббат
Ғашық болдым байқаусызда бір қызға,
Білмейм ол қыз Күн бе, әлде жұлдыз ба
Айдан әсем күлімдеген көздерін
Ұқсатамын жарқыраған жұлдызға
Жанымда ол қыз менің ылғи жүреді,
Ол қыз мені өткен күзден біледі,
Мені онша көзге ілмей жүрсе де,
Мені аңсап соғады-ау жүрегі
Солай шығар деп ойлағам ішімнен мен,
Орын тепкен шығармын деп жүрегінен
Бара жатсам кеше кешке үйге қарай
Қыдырып жүр ол бір қыз жігітімен
Қатты-қатты сүйіп қалдым мен ол қызды,
Неге-неге таныстырды тағдыр бізді,
Енді мәңгі ұмыта алмай өтермін мен,
Сені көрген алғашқы рет сол бір күзді!
Осы өлең шумағында  жігіт қызға жауапсыз махаббатын айқындаған,паш еткен десек те болады!
Менің ойымша жауапсыз махаббат дегеніміз-жігіт қызға ғашық болғанда,оны тек ойымен немесе өлеңімен ғана сипаттайды,бірақ өзіне айтуға бата алмайды  немесе жігіт пен қыздың жауапсыз сезімі десек те болады!
+1 дауыс
*Жауапсыз махаббат...жалпы жауапсыз махаббат деген жігіт қызға сезімін білдіреді,ал қыз жігітке жауабын айтпайды,жігіт аң-таң үсті басы шаң-шаң дегендей не істерін білмей жүреді   қыз қашан жауабын айтады екендеп сарғая күтіп жүреді.Міне жауапсыз махаббат деген осы,қыздың жігітке жауабын айтпауы,-деп ойлаймын.*
+2 дауыс
Менің ойымша жауапсыз махаббат бұл адамдардың жауапсыз сезімі - жауапсыз сұрақ секілді..)
Белгісіз
+1 дауыс
"Махаббаттардын кашанда ойламау жеткен тубіне"
+1 дауыс
ЖАУАПСЫЗ  ...
![description][1]
Жауабы жоқ сұрақтарға не дерсің,
Соқыр сенім таба алмай жүр егесін.
Жәутеңдеген лебізіме тұл жетім
әзер жауап бересің.
Мендік сана сал боп өтсін дейсің бе
Неге қинай бересің
Қос уыста шүлпілдеген сезімім,
Ұрттамай-ақ төгесің.
Көзімнен жас, жүрегімнен қан ақты-ау
Алда әлі де бар ма менің көресім.
Бәлкім менің жүрегімді өлтіріп,
өз қолыңмен көмерсің.
Жан дүниеме топырақ сап бір уыс,
Сосын маған көңіл айтып келерсің…


  [1]:
+1 дауыс
Авторы Дінмұхамед Теменов ағамыздың "Сенсіз де өмір сүремін" өлені жауапсыз махаббатқа арналған. Оқып көріңіз.

Ұйқысыз өтіп жатыр небір түндер,
 Айға қарап бейнеңді елестетер.
 Сағынышым қойныма симай жатыр,
 Тосушы ем жолдарда сені келер.

 Сағынамын күздің қара суық күнің,
 Сол кездері сені алғаш кездестірдім.
 Келіп едің саябаққа құрбыңменен,
 Шиедей еріндерің дірілдеген.

 Қалып едім сөз  таба алмай саған айтар,
 Сөз таба алмай мылқаудай бола қалдым.
 Естелігім қалсын деп саған сыйлар,
 Үнтаспаны дүкеннен сатып алдым.

 Ұзаққа кездесуім созылмады,
 Білемін әңгімеміз жараспады.
 Жол бойы ойланумен үйге қайттым,
 Жүрегім бір өзің деп толғанады…

 Екінші рет бұйырыпты сені көру,
 Ойға келді досымды ерітіп бару.
 Ойламап ем досымды ұнатар деп,
 Аңғалдығым өзіме болды қару.

 Дегенмен де бір-бірімізді қимап едік,
 Осылайша махаббатты қинап едік.
 Ғашықтықты қорапқа теңер болсам,
 Сол қорапқа екеуміз сыймап едік…

 Бір жарым ай сенімен жүргеніме,
 Бір жарым ай сені мен көргеніме.
 Бір жарым ай, сонша ыстық болар ме едің?!
 Келіп қондың қарлығаштай жүрегіме.

 Жүрсен дағы мені сен елемедің,
 Сұлу едің… соншалықты сұлу едің…
 Бұлақтар елестеуші еді күлгеніңде,
 Сылдырлап тастан-тасқа секендеген.

 Үзілді байланысың меніменең,
 Басталды махаббатың досымменең.
 Жүрегіме балтадай қадалады,
 Досымды бірге көру сеніменең…

 Ойламасқа өзіңді сертті бердім,
 Қалмады ендігіде досқа сенім.
 Досымменің жүргеніңе қарамстан,
 Бәрі бір де «мен сені сүйем» дедім…

 Әрине сені ұмыту оңай емес,
 Білемін сол бір уақыт қайта келмес.
 Басқа жанмен өзімді алдасам да,
 Көз алдыма келе бердің сен бір елес…

 Білген едім досымның сол мінезін,
 Қалай ғана соны сен ескермедің.
 Қаншалықты досымды сыйласам да,
 Байқамаппын достығымның үзілгенің.

 Жалғыздықтан қиналып жүрген шақта,
 Құрбыңменен кездестім сол бір бақта.
 Көктемдегі оралған жыл құсындай,
 Оралады жүрекке махаббатта...
127,776 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,812 қолданушы