+1 дауыс
3.5k көрілді
Эрудициялы адам болу  – өте білімді, өмір салаларының барлығын білетін, зияткерлі ой-өріске ие болу дегенді білдіреді. Білімді адам ауыр өмірлік жағдайларға жылдам бейімделіп, оңай шешім қабылдай алады. Көп білетін адаммен араласу да өте жайлы және  қызықты.  Оқу білімді болуды ынталандырады, оның пайдасы өте зор. Тек көп оқу керек.
Әлемде көп түрлі ақпарат көздері бар. Алайда, олардың ешқайсысы дәл кітап сияқты адамның ой-өрісін кеңейте алмайды.  Теледидар болса бізді бар жаңалықтан хабардар етіп, өмірден артта қалмауға көмектеседі. Ғаламтор да бізге қажетті ақпарат іздеуде көп роль атқарады. Бірақ  біз үшін жаңа және пайдалы ақпарат алуға ақылмен таңдалған кітапқа ештеңе жетпейді.
Кітап оқу бізге тек жаңа ақпарат алуымыз үшін ғана емес, оқу қиялымызды дамытуға, грамматикалық  дағдыны және көркем сөйлеуді арттыруға қажет. Осы дағдылардың барлығы жаңа ғана қалыптасып келе жатқан  балалар үшін оқу өте маңызды. Мысалы, әдеби кейіпкерлерге қарап балалар өздерін қалай ұстау, белгілі бір жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйренеді. Оқу барысында  ойымызда әртүрлі бейнелер туындайды да қиялдау дағдысы жақсы дамиды. Әдебетте, дұрыс және көркем мазмұндау балалардың сөйлеу дағдысын жақсартады, грамматикалық қабілеттерін арттырады.
Көп оқудың пайдасы жасқа тәуелді емес. Бастысы – әдебиет көзін дұрыс таңдау. Барлық кітаптар бірдей пайдалы емес. Жай ғана бір танымал роман немесе аса қажетсіз криминалды әңгімелер уақыт өлтіргеннен басқа, сізге ешқандай пайда бермейді. Әрине, жай қызығушылық үшін де оқуға болады, бірақ оны әдетке айналдырған да дұрыс емес. Оқысаңыз бас көтертпейтін өте көп тамаша қызық кітаптар бар.  
Сондай-ақ әрбір білімді адамның оқып шығуына қажетті кітаптар бар.  Олар:  «Абай жолы», «Мастер және Маргарита», «Двенадцать стульев» немесе «Три товарища». Әдеби ортада «Классика» деген түсінік бекер қалыптаспаған. Бұлар сын тұрғысынан ең үлгілі, пайдалы, лайықты деп саналып бірнеше ұрпақтармен таңдалған шығармалар.
Әрине жеке талғам деген де түсінік бар. Барлығы «Бұл кітапты міндетті түрде оқып білуің керек» деп түсіндірсе де, сіз үшін мүлдем қызық емес кітаптар да кездесуі әбден мүмкін.  Бұл жағдайда сізді ешкім мәжбүрлемейді, алайда қандай да бір шешім қабылдау үшін оқып шығуға тырысуыңыз абзал.   Көптеген қызық әдебиеттердің арасынан сіз міндетті түрде өзіңізге шын ұнайтын, нақты өзіңіздің кітабыңызды, болашақта бір емес, бірнеше рет оқитын кітабыңызды кездестіресіз.
Өмірбаяндық кітаптарды оқудың қаншалықты пайдалы екенін айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл бір адаммен шын байланысып, оның бүкіл өмірін бастан аяқ өтіп шығумен тең.  Сіз бұдан бағасыз тәжірибе аласыз, тіпті бұл сіздің өміріңізге қатты әсер етуі мүмкін. Бизнесмен болғыңыз келсе, міндетті түрде Генри Фордтың «Менің өмірім, менің жетістіктерім» және Ли Якоккидің  «Менеджер мансабы» кітабын оқыңыз. Мүмкін сіз жарнама саласында мансап құрғыңыз келетін шығар? Онда Клод Хопкинстің «Жарнамадағы менің жолым» кітабы сізге таптырмайтын көмекші болады.
Сұрақтың жабылу себебі: мммм дұрыс

2 жауап

+2 дауыс
Кітап көп оқығанның пайдалы, әрі зиянды жақтары бар) Дегенмен, пайдалы жақтары басым) Бірақ, көп оқысаңыз көзіңізге кері әсерін тигізуі мүмкін)
Пайдалы жақтары:
. сауатыңыз ашылады;
. ой-өрісіңіз дамиды;
. пайдалы ақпарат аласыз;
. керекті мағлұмат оқисыз...т.с.с.
+1 дауыс
Қай нәрсенің болсын зиян да,жақсы да жағы бар.Кiтапты бiр орында отырып оқып шыгу шыдамдылық..Ендi мысалға сен сабақ оқитын уақытта немесе шаруа істейтін уақытыңды алсаң зиян,себеп:сен сабағыңнан 2 алып отырып,кітаптан бірдеңе үйренгеніңді жұмсай алмадың деген сөз.Ал сен егерде компьютерде немесе агентте отыратын уақытыңды жұмсасаң пайдалы болмақ.
...