+8 дауыс
621 көрілді
Құрметті достар қазақ тарихында оқиға болғалы отырған ОБСЕ нің Астанадағы самитінен сіз не күтесіз?

13 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі біздің ел үшін үлкен сәтті қадам. Өйткені осы арқылы көптеген елдер "Қазақстан" деген ел бар екендігін танып білуде. Мойындайық, шетелде біздің елді танымайтындар саны жетерлік. Енді Саммиттің Астанада өткелі тұрғаны біздің елді жақсы жағынан танытып, өзгеде елдердің қатарынан көрінуіне мүмкіндік туғызады.  Америка, Куба, Канада секілді елдермен Азияның 50 ге жуық елінен өкілдер, журналистер келмек Қазақстанға. Егерде саммитте көптеген елеулі мәслелер талқыға салынып оң шешімін тауып, біз экономикасы дамығын өзгеде елдермен достасып жатсақ ол Қазақстан үшін үлкен жетістік болмақ. Өйткені сол арқылы елдің экономикасы дами түседі, яғни халықтың әл ауқаты артады.  Бізге ЕҚЫҰ на төрағалық ету мерзімі көпке берілген жоқ, әзірге осы ұйымға басышылық етіп отырғанда өз еліміз үшін пайдасы тиер қадамдар жасап  қалғанымыз өте дұрыс болмақ.
+9 дауыс
Ештеңе. Өгізден бұзау күтуге бола ма? Болмайды.
malimetter.org, пессимисттік танытпағаныңыз абзал!
Кешірерсіз, мән-мағынасыз тірлікті ұнатпаушы едім.
malimetter.org сөзіңе 100% пайыз қосыламын
+8 дауыс
Ешнәрсе де, ұлтқа -қазаққа бір тиында пайда әкелмейд, короче боққа керегі жоқ ...
Өзгелерге сыпайылық танытып, мәдениетті болайық ағайын!
+7 дауыс
Астаналық студент не мәжіліс депутаты болсам, онда сол уақыттағы демалысты күтетін едім.
+7 дауыс
ЕҚЫҰ Саммиті кезінде депутаттар аймақтарды араламақ депті Мәліметтер сайтында http://malimetter.org/?p=7773
+7 дауыс
мен жалпы озим оптимист едим, бирак осы ОБСЕден дым шыкпайды ау дим. тек акшаны кайда кетирерин билмей журген сиякты устиндеги агалар. одан да стипендияны кобейтсе гой ))
+6 дауыс
malimetter.org мен сізге қосыламын
+6 дауыс
Бұл ОБСЕ бізге 30% пайдасын беруі мүмкін. Ал қалған 70% процент ол бізге аса көлемде шығын болып табылады. Сіз бір ғана президенттің өзіне канша мыңдаған доллар жұмсауыңыз мүмкін, ал мұнда 1 президент емес 56 мемлекеттің президенті және баска мемлекеттерден келеді. Бұл туралы интернеттен өздеріңіз іздеп те көріңіздер пәленбай млрд. доллар жұсалмақшы.
+7 дауыс
http://www.tema.ru/travel/kavkazetnoexp-12/ мынадай ауылдарды түзетуге да біраз ақша керек еді. Бірақ қол созар үкімет бар ма?
Бул сайттагы материал ащыда болса шындык. Орыстар жасаса казактарды мазак кылып корсеткен екен!
Олай жер өртеп атымызды шығармай, кемшіл тұстарымызды түзету керек екенбіз. Сонда ғана орыстарға күлкі болмаймыз.
+6 дауыс
АСТАНА САММИТIНЕН НЕ КҮТЕМIЗ? Желтоқсанның 1-2 күндерi Сарыарқа төсiндегi кiндiк қаламызда әлемнiң 56 елiне сауын айтып, кiлең серкелерiн шақырған Астана саммитi өтедi. Бұл жиын Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы турасында, ұйымның ертеңi үшiн келелi кеңес құрмақ. Сенiм, Дәстүр, Ашықтық, Төзiмдiлiк — ең басты ұранына айналған Астана саммитiнен не күтемiз? Тарихи маңызы зор, қазақтың мемлекеттiгi сынға түсер сол сәттi, иiсi қазақ баласы тықырши күтуде. Осы орайда, қазақ билiгiнiң аталмыш ұйымға төрағалығынан ой қорытып, Астана саммитiнен саяси салмағы бар шешiм күткен саясаткерлермен жолыққан едiк. Жүздесуден жазып алған пiкiрлердi назарларыңызға ұсынып отырмыз. Әрі қарай оқыңыз http://massagan.com/news.php?mod=news&id=4658&catid=1
+6 дауыс
Саммиттің елімізге әкелер пайдасы зор деп ойламаймын. Себебі қыруар қаржы халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға: шет ауылдарға су жүргізу, жолдарды реттеуге, мектептер, балабақшалар салуға, зейнетақыны көбейтуге сияқты тағы да басқа алдынғы қатарлы  мәселелерді шешудің орнына 1-2 күндік саммитке жоюымыз қателік деп есептейміз. Егер бүкіл әлемге танылғымыз келсе онда әлемдегі "халықтың тұрмысы жақсы" деген мемлекеттердің арасында көшбастап тұрсақ онсыз да танылмаймыз ба?
+6 дауыс
Сол саммитте  шаруадан  не шешілер дейсің, елді таныстыру, мықтылықты сезіну,  ұлтымызды таныстыру ғой мақсат. Шығын шықпай, кіріс жоқ.

Келіп кететіндерден не алып қаламыз, соны айту керек?
Не аламыз?
Ақыл айтуданда тиімді ермек  пен мәдениет, ашық көзқарастылықты таза жұқтыратынымыз хақ. Материалдық жағдайда да ұтылыста қалмаспыз....
+7 дауыс
Өзбек етпетінен түсті қызғаныштан,орыс та қызғанып кетті,қазақ кімнен кем,дұрыс билік жүргізе берсін.Жасасын,Қазақстан!Қазақтың мерейі әрқашан үстем болсын!
...