0 дауыс
27.4k көрілді
Ұшынған кезде ұшықтан қалай тез құтылүға болады?
керек; бұдан құтылу жолдары.

6 жауап

+1 дауыс
Соңына дейін міндетті түрде оқып шығыңыз!
Ұшық, герпес — адам терісі мен шырышты қабықшаларына тұтасқан көпіршіктердің шығуынан болатын вирусты ауру. Инфекция көзі — ауырған немесе вирус таратушы адам. Ұшық көп жағдайда жылдың салқын мезгілдерінде, бұл кезде организмнің ауруға қарсыласу қабілеті нашарлап, гиповитаминоз дамығанда; әр түрлі жұқпалы аурулармен (тұмау, пневмония, безгек) ауырғанда, кейде жаздың ыстық мезгілінде күн көзіне көп қыздырынғанда шығады. Ұшықтың 2 түрі ажыратылады.
Жай ұшық, оның бірнеше түрі бар: тері ұшығы, ауыз қуысы ұшығы, жыныс ұшығы, көз ұшығы, т.б. Аурудың бұл түрі нәрестеге алғашқы күндері-ақ жұғады, бірақ сәбидің анасынан алған иммунитетінің нәтижесінде бір жасқа дейін ауру белгісі білінбейді. Баланың бұл қорғаныш қасиеті бір жастан кейін әлсірейді де, өзіне қолайлы жағдай туса болды, вирус күшейіп, ауру туғызады. Организмге түскен жай ұшықтың вирусы адамның денесінде өмір бойы сақталады. Аурудың белгісі: ұсақ, тұтасқан, түссіз көпіршіктер. Ұшық негізінен ерінге, мұрын ұшына, ауыз қуысының шырышты қабығына (қараңыз Стоматит[1]), көзге (қараңыз Коньюнктивит), жыныс органдарына шығады. Көпіршіктер пайда болған жер аздап қышиды немесе теріні күйдіргендей болады, кейде адам тоңады, әлсіздік байқалады, асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылады (әсіресе балаларда). Өте сирек жағдайда сәбилердің ішкі органдарының, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Бұл кезде балалардың дене қызуы көтеріліп, жалпы әлсіздік пайда болады.
Белдеме ұшығы (кейде мұны белдеме теміреткісі деп атайды), ол жел шешек вирусының жұғуынан шығады. Ұшықтың бұл түрімен тек үлкен адамдар ғана ауырады. Дерттің қоздырғышы тек адам терісін ғана емес, жүйкені де зақымдайды, сондай-ақ бұл кезде бас ауырады. Вирус түскен жерге жақын жатқан лимфа түйіндері ісінеді, науқастың қызуы көтеріліп, адам әлсізденеді. 6 — 8 күннен кейін көпіршіктер кеуіп, қабыршақтана бастайды. 2 — 5 аптадан кейін ауру толықтай жазылып кетеді. Емі: ұшықтың жеңіл түрінде жасыл бриллиант ерітіндісін пайдалану керек; организмнің көп жері зақымданған жағдайда 6 мл адам иммунноглобулинін егеді; ал ұшық асқынып, іріңдесе, антибиотиктер қолдану қажет. Ұшықтан алдын ала сақтану үшін дене тазалығын сақтап, организмді шынықтыру керек.
Айтсам жеркенішті көрінер бірақ айтайын сұрадыңғо! құлақтан ағатын бұлақты жақсаң құлағыңды шұқып соны жақсаң оте тез жазыласың!
қудың! ваще құрттың ғо))))) құлық ол шаң тозаңнан жиналған қалдық, ұшыққа сен өз қолыңмен инфекцияя түсіріватсың ғо.... ващееееееееееееееееееее)))))) естімеген елде қөп))))))
Сол инфекцияның пайдасы мол болып турғо! аузын жумай содан қалған инфекцияның құрметіне шыққан ұшыққа
Грпес ол тек аузын жумаған ғана шықпайды. Герпес (ұшық) арлық адамдардың 98 пайызыда бар, ол иммунитет төмендегенде де шығады.
+1 дауыс
https://surak.baribar.kz/25798/
https://surak.baribar.kz/12511/
https://surak.baribar.kz/25705/
0 дауыс
С дәрумен бар лимон, капуста, апельсин и.т.д жесең де тез кетеді. Герпес ол иммунитет төмендегеннен шығады, иммунитетіңді жақсартсаң өзі-ақ кетіп қалады.  сұрақ қойылғанына 3 күн өтіпті, ендігіде кеткен де шығар)) ауырмаңыз!
0 дауыс
ацикловир деген мазь жағасың...
Герпеспен жие ауырып кетире алмай киналатынмын.Сонгы ауырганымда ацикловерди пайдаландым Оте жаксы мазь,бар болганы  еки кун жактым натижеси-5. Маган унады
+1 дауыс
Ұшық ауыз қуысына шыққанда, тамақтанған кейiн,ас содасын жылы суға араластырып шаю қажет екен,көмегі тиеді..:P
0 дауыс
Менде кеше ушык шыкты соны калай тез арада кетирсем болады проста омиримде болмаган ацикловер маз ол жаксы комектесеме ертен сатып алам жауабын айтам 1кунде кетсе кушти болу шеди 1сентябрда оку уже ищо ауырады ашиды
...