+3 дауыс
6.2k көрілді
Қадыр түні қашан болады?(2012)

1 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Қадір түні[1] (араб. |لَيْلَةِ الْقَدْرِ — Ләйләт-ул-Қадыр) — қасиетті түн. Ораза (Рамазан) айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің “Қадыр сүресінде” айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады. Кейбір рауаяттарға қарағанда Қадір түні. Рамазан айының 27-ші түні, дегенмен Қадір түнінің дәл қай түн екені белгісіз. Сондықтан тақуа кісілер Ораза айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізеді.
Мұсылман үмбетінің Құран Кәрімнің асыл аяттары түсе бастаған, нұр шашқан Рамазан айы да өрмектің жүзінен ауды. Қыркүйектің 20-сында Ораза айты басталады. Ал бүгінгі түн, яғни, қарашаның 15-інен 16-сына қараған түн - қасиетті Қадір түніне келеді.
Қадір түні - бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған ерекше қасиетті түн. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз» және «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл сөз «құдырет» мағынасы да қамтиды.
...