+1 дауыс
3.2k көрілді

1 жауап

+1 дауыс
Досқа тілек Тамада кітабынан
Тұлпардай зула топ жарып,
Сәулесі түсер – бол жарық.
Бақыт кеп қонып басыңа,
Жамандық өтсін айналып.
 
Қиындықтардан ықпағын,
Туыңды қолдан жықпағын.
Мен үшін бақыт қашанда,
Бәйгеден озып шыққаның.
*
Жалғыздың үні шыққан ба,
Сіңеді сағым бұлттарға.
Тірлікте тіреу болатын,
Достыққа жетер күш бар ма?

Уакыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалық шақ  жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.

Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері көп болсын. Аңсаған арманыңа тек бақытпен жет!
...