0 дауыс
8.2k көрілді
Есекжем қандай жерлерде мекендейді?Ағаштарда ма?соны білгім келеді.

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
"Есекжем"-деген ешқандай да жәндік емес. ол қышыма, бөртпе сияқты дене ауруының бір түрі. Негізі шаң, шөп тозаңдарынан пайда болады. Бала кезімізде ол аурудың белгісі біліне салысымен апамлар майкамыздың етегіне бір уыс жем салып есекке жегізетін. Шынымен бір қасиеті бар ма,жоқ әлде  өзін-өзі сендірудің (самовнущение) әсері ма білмедім,әйтеуір ем қонып бір күннің ішінде жоқ болып кететін еді.
       Ал кейбіреулеріміздің айтып жатқанымыз  "Есекқұрт"-деп аталады, ұзындығы 1 см көлемінде, ұзынша келген екі қапталында жыбырлаған аяқтары бар, бозғылт түсті жәндік. Негізі топырақта, үйдің дуалдарындағы кірпіш араларында өмір сүретін зиянсыз,бірақ жиіркеніштілеу жәндік.
+1 дауыс
Есек жем деген тері ауруы деп естіген едім. Ертеректе қазақтар есекжеммен ауырған адамның жарасының үстіне жем жағып қояды екен. Сөйтіп есекке сол жемді жегізеді екен. Сонан расында да есекжеммен ауырған адам құлан таза айығып кетеді екен. Халық емі.
+2 дауыс
Есекжем (urtіcarіa) — теріде және шырышты қабатта кенеттен қызарып, күлдіреп, қышымалы бөртпелер түрінде болатын ауру; денені қалақай шаққан кездегі күлдіреуікке ұқсайды. Есекжемнің жедел және созылмалы түрі бар. Жедел түрі — кейбір тағамдардың (жұмыртқа, құлпынай, шоколад, бал, цитрустар, т.б.) және дәрі-дәрмектің (көбінесе, антибиотиктердің) организмге кері әсер етуінің салдары. Сондай-ақ, организмдегі аллергиялық реакция нәтижесінде де пайда болады. Созылмалы түрі, немесе мезгіл-мезгіл қайталайтын, кейде бірнеше айға дейін созылатын Есекжем, әдетте, ішкі мүшелердегі (бауыр, ішек-қарын жолы, бүйрек) ауруларға, организмдегі зат алмасудың бұзылуына, іштегі гельминттерге немесе баяу өтетін инфекцияға (бадамшаның созылмалы қабынуы — тонзиллит, мұрын, құлақ қуыстарының қабынуы) байланысты. Мұндай кезде ауру кенеттен басталады. Күлдіреуіктердің пішіні мен көлемі әр түрлі, түсі ашық қызғылт, ортасы ақ. Көп жағдайда күлдіреуік бірнеше сағаттан кейін ешқандай із қалдырмай өзінен-өзі басылады. Кейде ауру ұзаққа созылып, науқастың қызуы көтеріліп, мазасы кетеді. Көмейдің кілегей қабығында бөртпе болғанда адам жөтеліп, тұншығады. Емді дәрігер тағайындайды. Ауырған адамға сүт, өсімдік тағамдары беріледі, әсіресе, аллергия тудыратын тағамдарды, ащы және сүрленген тағамдарды жеуге болмайды. Қышыманы басу үшін салқын компресс, жылы ванна қолданады, теріге спирттік ерітінділер (қырмызыгүл, 2%-тік салицил, арақ, т.б.) жағады. Тамақтың немесе дәрі-дәрмектің әсерінен болған Есекжемде ең алдымен клизмамен ішті тазалап, көп мөлшерде су ішкізеді. Ауру қайталамас үшін науқас дәрігердің берген нұсқауын бұлжытпай орындағаны жөн
Ендеше Есекжем деген адамның терісінде тіршілік етеді деуге болады ма?
Ия солай деуге болады!
Бірақ мен есекжем жәндік деп естідім
–1 дауыс
*Мен есекжем деген ауру түрін естімеппін. Бірақ есекжем(е)    ( мен есекмеке деп айтатынмын,кішкентай кезімде ) деген жәндік бар ғой... Аяқтары көөөп... Ақшыл түсті... Көбіне, көөп қозғалмайтын тастардың астындаа тіршілік етеді. Білетінім осы ғанаа....*
0 дауыс
Ассалаумагалейкум! Мен осы аурумен 15 жылдай ауырып келем,дарiгерлергеде жолыктым не ден екенiн бiлмейдi,шаршаганда тунде уйктамаганда шыгарды, танертен дарiгерге корсетейiн десен кетiп калады.Менде ажем айтушы едi есекке жем беру керек деп,брак алi жем берiп корген жокпын, сол сiздердiн айтып жаткандарыныз распа
0 дауыс
есекжем деген орысша крапивница ма?
0 дауыс
Есекке калай жем беремиз, толык ырымын тусиндире аласыздарма?

Ұқсас сұрақтар

...