13 – 14-ғасырлардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Әрі қарай қос ғашық Қозы мен Баян, қара күш иесі Қодар, дүниеқоңыз Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады. [1]
Жырдың негізгі идеясы – адал махаббатты дәріптеу. Бас кейіпкер Қозы Көрпеш кіршіксіз таза махаббат иесі, батыр, адамгершілігі мол жігіт ретінде суреттеледі. Қозы сияқты Баян да адал ниетті, ақжарқын, өзінің сүйгеніне қосылуды арман еткен, ақылына көркі сай жан ретінде бейнеленген. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған.
[өңдеу] Нұсқалары
Жалпы 20-ға жуық нұсқасы бар. Ең көп тарағаны – Жанақ нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Ал М.Путинцев жырдың мазмұнын орыс тіліне аударып бастырды (1856), В.Радлов бір нұсқасын жинағының 3-томына енгізді (1870). Орал қаласына келгенде А.С. Пушкин жыр желісімен танысып, қызығушылық танытып, үзінділерін жазып алған. Бұл жырды С.Кастанье, Н.Абрамов, Г.Потанин, т.б. ғалымдар жоғары бағалаған. Н.Пантусов, Р.Әбдірахманов, Е.Баранов, т.б. зерттеушілер жырды орыс тіліне қара сөзбен тәржімалап, жариялады.
[өңдеу] Тарихы
Ақын Г.Твертин (1889 – 1921) орыс тіліне тұңғыш рет өлеңмен аударып бастырды (1927 – 35). 1878, 1890, 1894, 1905 ж. Қазан қаласында жеке кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде алғаш 1925 ж. Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 ж. Мұхтар Әуезов Алматыда шығарды. Жырды Мәлік Ғабдуллин, Ысқақ Дүйсенбаев, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар салыстыра зерттеген. Дастанның басқа да түркі халықтарында тараған нұсқалары бар. Мысалы, башқұрттарда ол «Қозы Курпәс мәнән Маян сылу», бараба татарларында «Қозы Көрпеш», алтайлықтарда «Қозы Эркеш» деп аталады. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының негізінде «Махаббат дастаны» кинофильмі түсірілді (1954), драмалық шығарма жазылды (1940). [2]
[өңдеу] Қозы Көрпеш - Баян Сұлу трагедиясы
Сурет:ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН СҰЛУ ТРАГЕДИЯСЫ.jpg
Қозы Көрпеш - Баян Сұлу трагедиясы
Ғ.Мүсіреповтің халық жыры негізінде жазған 4 перделі, 7 сурет-ті трагедиясы. Шығарма 1939 ж. сәуір айында жазылып біткен.Трагедия алғаш рет Қазақ академиялық драма театрында режиссер М.Г. Насоновтың сахналауымен 1940 ж. 29 сәуірде көрермен назарына ұсынылды. Спеқтакльге О.Жұмағүлов (Қозы Көрпеш), Ж.Жалмұхамедова (Баян), М.Шамова мен Р.Қойшыбаева, С.Қожамқұлов (Қарабай), Е.Өмірзақов пен Қ.Әділшінов (Жатық), Ш.Айманов пен Ә.Хасенов (Қодар), т.б. актерлер қатысты. Пьеса бірнеше рет орыс тілінде басылған (Г.Мусрепов, "Козы Көрпеш - Баян сулу", М. - Л., 1945; "Пьесы драматургов Казахстана", А., 1958), эстон тілінде кітап болып шыққан (1948, Таллин). "Қ. К. - Б. с." 1950 ж. Мәскеу драма театрында "Махаббат дастаны" деген атпен қойылды, сондай-ақ, КСРО Республикаларының театрларында бірнеше тілдерде сахналанды.Ғ.Мұсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесасынан көрініс. Қозы - Т.Мейрамов, Баян - Б.Жанғалиева. Қазақ академиялық драма театры 1983 ж. [3]