+2 дауыс
5.9k көрілді

9 жауап

+4 дауыс
Қарапайым қыз сұрақты жақсы, қазақша қояды екенсіз.Сайт ережесінің барлық талаптарына сай келеді. Бірақ сұрақтарыңызды қоярда сауалнама дегенді баса бермеңіз, сіздің мына сұрағыңыз сауалнама емес)))
+5 дауыс
Кішкентай кезімде бұзық қыз болдым))Үйге қонақ келетін болса ең алдымен мен қуанатын екенмінде,есік алдын күзетеді екенмін.Келген қонаққа кәмпит бермесең  кіргізбейм деп отырып алады екенмін))) Бiрде iнім екеуіміз үйде пистолетпен "атысып" ойнап жүргенбіз ғой,атам үйге келген екен сосын мен  інім шығар деп "сен өлдің қолыңды көтер"деппiн,атам сасқанынан екi қолындағы 2 пакетiн тастай салып,қолын көтерген ғой:P.
қызық екен))) ал менің ойыма осындай кезде ештене туспейді)))
+3 дауыс
Балалық шақтың ең арғы түкпірінен есімде қалған суреттер, міне, осы тәрізді: біреуіне біреуі жалғаспайды, үзік-үзік. Мас болып немесе ұйықтап отырып көрген кино тәрізді. Басы болса, аяғы жоқ. Аяғы болса, басы жоқ.   Б. Соқпақбаев.
–2 дауыс
Кішкентай кезімізде қонақта отырғанда апаларым сыртқа шығып бара жатыр екен, сосын мен де шығамын деп жүгіріп барыппын. Апаларым басыңа бас киім киіп шық, бірдеңе қағып кетер деп жатыр(ол кезде шашымды ешкімге таратқызбай, жалбыратып жүретін болдым).Сосын тағы бір апам отырып бұл қызды шайтан қақпас, ол шайтанды қақпаса депті.Айта берсең толып жатыр.
+4 дауыс
Үйде ата-анамның студент кезінде түскен суреттері бар.Сол суреттің артында тас бар.Кішкентай кезімде сол суретті қарап отырып,"мынада неге мен жоқпын" деп жылаппын.Анам "сен тастың артында тығылып қалдың " деп алдаусырата салғанғо.Кешке жұмыстан келсе мен суретті жыртып отырм екен "неге жырттың десе" тастың артында мен бармын ба?соны қараймын деппін
+3 дауыс
4-5 жасымда тіс жұлдыртып едім ғо,тісімді жұлды аузым қан-қан сөйтіп тұрыппында дәрігердің бетіне жақсылап тұрып түкіріп жібердім) сол жерде әлгі адамды көрсеңіз )  ) ) ) ) ) ) )
+2 дауыс
Қыс кезі. Әкем екеуміз үйдің төбесінің қарын түсіріп жүргенбіз. Әпкемнің үйден шыққанын көріп, қайта кіргенде қарға бір шомылдырып қызық қылармын деп шатырдың жиегіне қарды жинап қойып тосып отырғам. Бір кезде сықырды естіп үйге оралған әпкем екен деп жинаған қарымды үстіне итере салмаймын ба. Сойтсем.................. келген көрші тұратын мектеп директоры екен (rofl)
+2 дауыс
3-4 жасымда бiр кунi уйге жылап келпiпн. Апам не болды деп сураса бiр адам артымнан калмайды журсем журедi отырсам отырады ал уйге кiрсем жок болады деп. Кейн апама корсетсем- "ЖЫНДЫ КЫЗ ОЛ СЕНН КОЛЕНКЕНГОЙ" деп бiр кулгенi есiмде.... :))
0 дауыс
Менің есімдегі қызық оқиға:
Папам мен мамамның тойын касетадан көріп отқанбыз, сіңілім қасымда. Мен
-көрдің ба, тоййййййй, сені апармағанбыз. Мен анау жүрмін,- деп бір кішкентай қызды көрсете салғам. Сөйтіп ол 2 сағаттай жылады, мамам мен папама жынданып, неге апармайсыңдар деп жер тепсінген. Менің де, сіңілімнің де қызықты оқиғасы ғой)
Тағы:
Мамам екеуміз деректі фильм көріп отқанда (кішкентай кезімде) "анау не?" деп сұрағанда, мамам "Динозавр" деген (шын динозавр көрсетіп жатқан ғой, "диназавр" деп айтылады ғой)) Мен "жоооооооқ, диназавр емес "МАМАЗАВР" дегем. Мені барлығы әлі күнге дейін солай мазақтайды
...