Ірі қара саны бір жиырма, бес жиырмаға дейін яғни 21-25-ке дейін барған. Қыз ұзату тойына сойысқа апарылатын мал, жыртыс және қалыңдық жасауының шығыны той малы 20-70 бас жылқыға дейін жеткен. «Сүт ақысы» деп қалыңдықтың анасына берілетін 1-7 түйе, қыз әкесінің «ата күшіне» төленетін ақы да ірі қарамен есептелген. «Жігіт түйе» деген де жоралғы бар. Бұған 2 түйе және міндетті түрде жақсы сырт киім мен ер-тұрман берілген. «Ілу» деп қызын тәрбиелегені үшін ұрын барғанда берілетін кәдені айтқан. Егер «ілуге» көп қаражат жұмсалса, тиісінше, қара мал саны азайтылған. «Дөңгелек қалың» дегені тағы бар. Ол он шақты қарадан аспаған (кедейлер ортасында жүрген). «Балама» қалыңға 10-15 ұсақ мал орнына, бір тәуір жылқы берілген. «Олқы» қалыңға 37 ірі қара – әйелі өліп, балдызын алғанда төленген. Бүгінге дейін сақталынған «қырық жеті» дегені де бар. Әйелі босанғанда «кім туды?» деп сұраса, «қырық жеті» деп жауап беретіні осы дәстүрге байланысты туған. http://www.halyksozi.kz/news/view/id/698