Аружан деген қызыма қыз сынында таныстыру өлең жолдары?

0 дауыс
6.4k қаралым
Менің Аружан деген қызыма қыз сынында таныстыру өлең жолдарын жазып беріңдерші, өтініш
• Санаты: Қазақ тілі

1 жауап

0 дауыс

Көк зеңгір бейбіт күннің аспанында,

 Сұңқарың қалықтаған асқарыңда. 

Армысың мың жыл тарих жастап жатқан, 

О, Тараз! Қасиет бар тастарыңда!  

 Ішінде дара туған ұл-қызыңның,

 Жап-жарық түнде жанған жұлдызыңмын! 

Сыналып сынға түскен қыз сынында, 

Ортаңа келіп тұрған бір қызыңмын!  

 Аружан асыл атым ғасыр атым, 

Ата-анам мен дегенде тасынатын.

 Үйде қыз, сыртта ұлтымның арымын мен,

 Мерейін мәңгі биік асыратын.  

 Қандырып өздеріңді жырға бүгін, 

Жетеді құлақтарға ырғалып үн.

 Ұлтының айнасы бұл Аружаның

 Келеді сыңғырлатып сырғалығын. 

  Тап бүгін сынға түсіп жағым тынбас, 

Бап шапса бапталғанда бағым мұңдас. 

Қазақтың қызы қандай танытармын, 

Тап бірақ, сынға түсіп сағым сынбас. 

  Төбемнен нұрын шашса  күлімдеп күн,

 Елімнің алдында әркез күлімдеппін.

 Абайдың атындағы мектебім бар,

 Ағайын қалай сыннан сүрінбекпін.

 https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/41148
 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы