Былайша айтқанда, балтаның зияны бар ма? деген сұраққа ұқсайды.
Балтаны ақымақ адамға берсең, я өзін, я біреуді жарақаттап алады. Ал ақылды адам керегіңе пайдаланып отын шауып, үй жылытуға болады.
Спорт зиян емес. Надандық зиян.
Кез келген спорттың тек пайдасын көру үшін оның мөлшерін, теникасын, дұрыс жолын, ағзаға қалай әсер ететінін біліп, денеге дұрыс демалып, дұрыс шынығуға жағдай жасау керек.
Егер сабырлы болсаң, ашкөзденіп бір аптада шамаңнан тыс жетістікке жетуге тырыспасаң, денсаулығыңмен санасып айналыссаң спорттың зияны жоқ.