0 дауыс
12.4k көрілді
29 ақпан 4жылда неге бірақ рет қайталанады?

1 жауап

0 дауыс
Кібісе жыл (орысш.: Високосный год) — әдеттегіше 365 күнді емес, 366 күнді қамтитын (366 күнге созылатын), төрт жылда бір келетін жыл. Екі кібісе жылдың арасында 365 күнге созылатын 3 қалыпты жыл бар.

Алғаш рет кібісе жыл Рим Империясын Юлий Цезарь басқарған кезде енгізілген Юлиан күнтізбегінде қарастырылды (б.з.д. 45 жылы).

Қазіргі уақытта қолданылып жүрген Григориан күнтізбесінде кібісе жыл әрбір төрт жылда бір рет келеді.

Кібісе жылы ақпан айының 29 күнге созылуымен айқындалады, яғни, кібісе жыл болғанда ақпан айы әдеттегіше 28 күнге емес, 29 күнге созылады.

Кібісе жыл Юлиан күнтізбесі мен Григориан күнтізбесінде де әр бір 4 жылда бір рет келеді десек те, екі күнтізбе арасынағы 11 минут 14 секунд уақыт айырмасын ескерсек, Григориан күнтізбегі бойынша кібісе жыл 128 жылда бір тәулік уақытқа ауытқып келеді.
...