+1 дауыс
Бұрынғы әнұранның сөзі керек еді 1992 жылғы
27.02.2012 14.5k қаралым

2 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
*Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.

Қайырмасы:
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте!

Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі -
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!

Қайырмасы:

Талайды өткердік, өткенге салауат,
Келешек ғажайып, келешек ғаламат!
Ар-ождан, ана тіл, өнеге-салтымыз,
Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!

Қайырмасы:*
27.02.2012
0 дауыс
Абылай дұрыс жазған
15.05.2017
127,959Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,996Қолданушы