1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
2. Үш ағайынды. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
3. Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Харкиннен, екіншісі – Тайпақтан, үшіншісі – Мергеннен келген. Ерлан мен Харкиннен келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Тайпақта болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?
4. Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, – деді. Сонда әркім қандай баға алған?
5. Түнге қарай бір отбасы көпірге келеді. Әкесі оны 1 минутта, анасы 2 минутта, бала 5 минутта, ал әжесі 10 минутта өтеді. Олардың қолында бір ғана қол шамы бар. Көпір тек екі адамды өткізе алады. Отбасы осы көпірден 17 минутта қалай өтеді?