+1 дауыс
778 көрілді
Мен бір қызбен 3 жыл жүрдім,жасым 18-де ,қазір жүретін қызым аяғы ауыр болып қалды,бірақ мен оқуым керек...Грантқа түсіп тұрмын,басым қатып жүр,не істесем болады,қыз 3 айдан кейін босанады,ал Мен мектеп бітіремін,екеумізден басқа бұл жайтты ешкім білмейді,не істесем болады??

8 жауап

0 дауыс
Сәлем! Сізге қаншалықты қиын болсада, ата анаңызға түсіндіріп айтуыңыз керек. Ешқандай ата ана баласына жамандық тілемейді. Қандай жағдай болсада, қызды тастап кетуші болмаңыз!
+2 дауыс
Бұны оқып жағым жерге салбырап кетті. Қолыңмен істегеніңді басыңмен көтересің да. Айтарым сәби қарғысын арқаламаң. Жүктілікті жасыра алмайсың ұзақ, әсіресе 3 ай қалса босануға. Жағдайыңды тумаластарыңа айтып бір ретке келтір.
"Бұны оқып жағым жерге салбырап кетті.
" Ух ты, осы уақытқа дейін қанша теңеу, қанша эпитет дегендерді естіп келсем де мынандайын көз көріп, құлақ естімепті! ))) муахахах
+2 дауыс
Құдайым-ау, мына өмір не боп барад....
Түсіндім, жасың 18, қызың екіқабат үш айдан соң босанады. Ал сенің оқуың керек. Не айтайын, оқуды ойлағаның рас болса неге қызбен жақындаспай жатып ойламадың? Енді ешкім білмейді, туыстарыңа айтуға ұяласың, солай ғой. Қызбен жақындасқанда сол ұятың қайда қалды?
Қолмен істедің бе мойныңмен көтер, ер мойнында қыл арқан шірімес. Оны жылатып кетпей, ой бөлісіп жатқаныңа да рахмет! 18 жас ештеңе емес, ата-бабаларымыз 13 жасында отау иесі болған. Үйленіп те оқуға болады. Ата-анаңа, жақындарыңы айтып, ой бөліс. Болары болып, бояуы сіңгенен соң олар түсінеді, көмектеседі.
Жалпы, сен енді ересек адамсың, ақылмен шеш. Оқу ешқайда қашпас....
Сонымен солай дейік солай боларына сенейік..))
+2 дауыс
Қиын жағдай. Менің қосарым келесі қыркүйек басталмай үйленіп немесе қызды үйіне кіргізіп қою деген сияқты біреуің  жаса. Осы жағдайынды ретке келтіріп ал да, қырқүйек кезінде оқуға грантқа,  түсіп тұрмен деп өзің де айтып отырсың гой. Оқуыңа дайындал. Оқып ал ең керегі оқу. Мүмкін болса қызыңда да оқыт.
      Есімде, 1 курста бір   қыз оқуға түскен. Бір ақ ол өзі соған қарамастан  қыркүйектің ортасында сабаққа бірақ келген.  Кейін  сол қызбен әңгімелесіп мән жайын білдік. Жолдасы өзінен екі уш жас үлкен екен. Жұмыс істейді. Бұл қыз 11 сынып оқып жүргенде аяғы ауыр болып қалып, ЕНТ бірірген соң жігітімен үйленеді. Яғни ішінде 7 айлық баласы болған. Соған қарамастан қыздың шешесі бұны сол жазда ЖОО на түсіріп қояды. Қызыңа не де болса оқисың деп.  Үйленген соң тамыздың 20 сы босыңған екен. Сөйтіп қыркүйек айының ортасына дейін, яғни баласын қырқынаң шығарып бірақ сабаққа келген. Оғанға дейін ЖООнан да көмектер беріледі. "Сабаққа еркін қатысу" деген  мемлекеттің тарапынан беріледі.  Қазір үшінші курс бір жылдан кейін мұғалім мамандығын тәмәмдайды. Қазіргі таңда бақытты отбасы. Ұл баласы бар. Екіден асты.Бір мезгілде отбасын құрып та, оқу оқып та екі қоянды бір мылтықпен атты десе де болады.
    Қазіргі заманда қалтада бір жапырақ қағаз диплом болмаса, өмір сүру әбден қиын.
+1 дауыс
Даа қиын екен. Бірақ онай болуда керек емес. Аллах Құранда балаларыңды өлтірмеңдер дейді.Сура 17. аль-Исра   31 аят Не убивайте своих детей, опасаясь нищеты, ведь Мы обеспечиваем пропитанием их вместе с вами. Воистину, убивать детей – тяжкий грех.  Аллаға қашан соңғырет жалбарындың  ? қашан кешірім тіледің?  Аллахтан жәрдем тіле
0 дауыс
Сен негізі өтірік істеп отсың, оның өз жазғандарыңнан түсінікті. Қазіргі заманда далада жатқан қыз бар ма??? Ау, ол қыздың әкесі қайда?шешесі қайда? женгелері қайда? тууына 3 ай калды депсің, қарны қампиып жүрсе де туысқандары бейжай қарайма сеніңше??? ол неғылған тегін қыз??? меніңше сенің сұрағың жалған.
Ата-анасы ауылда, көп қой жатақханада жүргендер. Ондайға есі дұрыс еместер барады да. Мына өмірде не болмай жатыр, бұл жәй бергісі ғана ғой...
Дұрыс айтасың!  Жалған бәрі, ойдан құрап сұрақ қоя берген!
+1 дауыс
Өзіңіз 18 де екенсіз...Сонда қызыңыз, болашақ жарыңыз қанша жаста?)
"Оқу керек" деп, ол қызды тастап кетуші болмаңыз!!! Істеген әр ісіңізге жауап беруге тура келеді. Барлық мән-жайды қыздың және сіздің ата-анаңызға айтып, түсіндіріңіздер. Үлкен кісілер ғой...өз ақыл-кеңестерін айта жатар)
0 дауыс
Қайсысына сенеміз, соңғы сұрағыңда оныншы сынып оқимын деп қойыпсың!  Қайсысы өтірік? (Шын деп сұрамай-ақ қояйын)
...