Құдайым-ау, мына өмір не боп барад....
Түсіндім, жасың 18, қызың екіқабат үш айдан соң босанады. Ал сенің оқуың керек. Не айтайын, оқуды ойлағаның рас болса неге қызбен жақындаспай жатып ойламадың? Енді ешкім білмейді, туыстарыңа айтуға ұяласың, солай ғой. Қызбен жақындасқанда сол ұятың қайда қалды?
Қолмен істедің бе мойныңмен көтер, ер мойнында қыл арқан шірімес. Оны жылатып кетпей, ой бөлісіп жатқаныңа да рахмет! 18 жас ештеңе емес, ата-бабаларымыз 13 жасында отау иесі болған. Үйленіп те оқуға болады. Ата-анаңа, жақындарыңы айтып, ой бөліс. Болары болып, бояуы сіңгенен соң олар түсінеді, көмектеседі.
Жалпы, сен енді ересек адамсың, ақылмен шеш. Оқу ешқайда қашпас....