Ербол, махаббатсыз дүние бос екені рас. Әрине, сүйген адамыңыз сүйікті болып қасыңызда жүрегніне не жетсін. Бірақ өзіңізді сүймейтін адам үшін өміріңізді қор етудің қажеті жоқ. Бос қиялға беріліп, текке мүжілудің де керегі шамалы.
Алғашқы махаббат, ия алғашқы махаббаттың тәтті болатыны рас, сонымен қатар ащы да. Біз бәріміз шын көңілмен терең махаббатты іздейміз. Өзіңіздің жаныңыз қалаған адаммен қарым-қатынас жасай келе, оған деген ішкі сезім-иірімдеріңіз оянып, дами бастайды. Егер екеудің қарым-қатынасында қиыншылықтар, түсініспеушіліктер, кедергілер кездессе, махаббат - мұңаю, сарғаю, күйіну, күту деп түсінеміз.
Иә, пәлсапа соғып кеткен шығармын, бұл да болса махаббатың түп төркініне аз да болса үңілуім шығар. Сұрағыңызға келер болсақ, айырылыспақ екенсіз, яғни бірге болу мүмкін емесіне көз жеткізіпсіз. Қыз бас тартса демек себебі болған шығар. Мен ол қызды түсінемін. Одан кету - оны қарғап кету деген сөз емес, рас қанша айтқаныңызбен де жақсы көретін адамыңызды оңай ұмыта салу мүмкін емес, ал оған бақыт тілеп, қош айтысу тіптен қиын. Онымен ат құйрығын үзіспей-ақ қойыңыз, достықтан махаббат туар, ал махаббаттан достық тумайды, сол үшін дос болып қалуды ұсынбаңыз, себебі бәрібір де бұл тілегіңіз орындалмайды, оған көрген жерде сәлемдеріңіз түзу болуын ғана өтініңіз. Және бақыт тілеңіз, бақыт демекші.... сіз кімге болмасын не тілесеңіз де алдыңызға сол келеді, осына ойлай келе оған шынымен де бақыт тілеңіз.
Ыстық сезімді суытпай, иә иә сіздер айырылысып кетсеңіздер де зардап шегетін арадағы махаббат пен сезім ғана....
Қыз балаға қарағанда ер баланың махаббаты күштірек келеді. Яғни, сізге қарағанда ол қыз оңай ұмытады, себебі қыздардың алданыш етер мүмкіндіктері көп. Қыз бала ретінде сізге айтарым сынған шыны қалпына келмейды, бәрі бұрынғыдай болмайды, осыны ойлай жүріп оңай ұмытуыңызға болады. Оны бәрібір жүректе сақтағаныңызбен пайда жоқ, ол да сізді сүйіп, қимай, еміреніп тұрмаған соң...
Ұмытуға келсек, бәрібір де ұмыта алмайсыз. Себебі, ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды, тек қана ойламай жүруге болады. Сіз оны ұмытамын деген сайын соғұрлым ұмыта алмайсыз. Ал ойламауға тырысқыңыз келсе, жалғыз қалмауға тырысыңыз, адамдармен араласыңыз, көңілді ортаға жиі барыңыз. Ұмытпаңыз, ойлай беріңіз, қанша ойлағыңыз келсе сонша ойлаңыз. Өзіңіз де айтып отырсыз, енді бірге болу мүмкін емес деп, демек сіз қанша ойласаңыз да нәтиже жоқ екенін білесіз. Сол айтқандай ойлай-ойлай өзіңіз де жалыға бастайсыз, уақыт өте келе ойламайтын боласыз. Иә, оны кездестірмей тұрғанда қандай ойда едіңіз, дәл сол кезге ойша оралыңыз. Сіз ол кезде оны танымайтын едіңіз, оған жақсылық та, жамандық та тілемейтінсіз, неге? Себебі сіз оны танымайсыз! Міне, осылайша сіз оған жамандық тілемеі-ақ ұмытуыңызға болады. Иә, сіз оны танымайтын бір кездегі Ерболсыз!
Сондай-ақ, өзге жанды ұнатқыңыз келсе араға біраз уақыт салыңыз, және оны алғашқыңызды ұмыту үшін деп пайдаланбаңыз. Себебі ол да адам баласы, оның да жәй себеп болғысы келмейді, егер ойыңыздың сондай екенін білсе сөзсіз ренжір еді, иә қатты ренжір еді. Сондықтанда келесі кездескен қызбен шынайы араласыңыз, оған өткеніңізді айтудың керегі жоқ. Кім болса да қызының немесе жігітінің тек өзін ғана жақсы көріп, бұрынғыңызды жүрегіңізде сақтағаныңызды қаламайды.
Ендігі өмірде ләжі болса, махаббатыңызды ешкімге де арнамай сақтағаныңыз абзал. Себебі арнаған махаббатыңыз тағыда жауапсыз болып шықпасына кім кепіл? Ал жүректегі махаббатыңызды уқыты келгенде босағаңызды адал аттаған жарыңызға сыйласаңы да кеш қалмайсыз.
Мұның бәрі неге менің басымнан өтіп жатыр? Неге ылғи менің жолым болмайды? - деп ойлайтын шығарсы, иә бұл қалыпты жағдай. Бұл сізді Аллаһтың сынау деп біліңіз. Өмірден сабақ алып, емтихан тапсырдым деп ойлаңыз. Өмірден сабақ алған адам енді түзу жолдың өзін аңдап басады....
Сіздердің жолдарыңыз тоғысқан жоқ, демек ол сіздің бақытыңыз емес, уақыт өте келе сіздің оған көзіңіз анық жететін болады.
Иә, оған бақыт тілеңіз. Бақыт тілеңіз.....
.
ЫЫЫЫ ұзааақ жазыппын. Ойымды түсіндіре алдым ба екен.......