0 дауыс
1.8k көрілді
Ораза ұстаған адамға басқалармен құшақтап, сүйіп амандасуға болады ма? (әйелім емес)

1 жауап

0 дауыс

Ораза кезінде әйелін сүюге рұқсат. Бірақ әйелінің сілекейі тамаққа кетпеуі тиіс және бұл жақындасуға дейін апармауы керек.   Имам Хаскафи Дуррул әл-Мухтар кітабында: «Егер адам өзіне сенімсіз болса сүю, ұстау, құшақтау және аймалау мәкруһ болып табылады. Ал егер өзін ұстай алса ешнәрсе емес», деген. Хадисте Омар (одан Алла разы болсын): «Бір күні қуанып келіп әйелімді сүйіп қойдым. Ол күні ораза едім. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Бүгін ауыр күнә істедім. Ораза болсам да әйелімді сүйіп қойдым» – дедім. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер оразада ауызыңды шайсаң не болады?» – деп сұрады. Мен: «ештеме болмайды» – деп жауап қаттым. Сонда ол: «Дәл сол секілді бұл жағдайда да ораза бұзылмайды»[1]. – деді.   Осы хадиске орай сүю оразаны бұзбайды. Ал егер де, сол уақытта шаһуатпен ұрық шықса оразасы бұзылып, сол күннің қазасын өтейді. Оразада әсіресе жастарға әйелін сүймегені жөн болады. Өйткені сүю жақындасуға алып барады.   Айша анамыз (Алла одан разы болсын): «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза кезінде сүйіп, құшақтайтын еді. Ол сендерге қарағанда өзінің нәпсісін қатты ұстайтын еді»[2] – деген. 

 http://fatua.kz/kz/post/view?id=980

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
...