0 дауыс
381 көрілді
Мен 18 жастамын, ата-анам тұрмыс құруыма қарсы, мен тындамай жігітіме алып қашуына келісім бердім, бірақ ата анам мені тындамай артымнан келіп алып кетті, енді нестесем болады.Жұрттан ұят бәрі күледі деп айта береді, Маған өз бақытым маңызды жұрттың сөздері керек емес. Қазір медицинада 1 курс оқып жатырмын буйырса жазда 1курс бітірем сосын өзім кетіп калсам қалай дұрыс бола ма, жігітім мені жақсы көрсең кел ештенеге қарамай, бәрі жақсы болып кетеді деп айтты, мен ол үйдің босағасын аттадым сол үйдің келіні болып саналамын ғой енді кетсем деп отырмын бәрін реттегім келеді.

1 жауап

0 дауыс
Қарындасым әлі жассың оқуыңды оқы, білім ал, шаңырақ көтеру сен ойлағандай оңай нәрсе емес! Ата-анаң саған жамандық қаламайды. жастық шақта ойнап, күліп қал. мен саған айтар ақылым медицинаға кез келген адам түсе бермейді оқуыңды оқы, қолыңа дипломыңды ал. үлкен өмірге қадам басып, мығым болып ал. қазір тұрмысқа шықтың делік не өзгерді? балалық жастық шағыңды отбасылық өмірге ерте алмастырмақшысың бір екі жыл махаббат сезімінде жүресің, одан кейін күйбең тірлік басталады. тұрмыс құрғанда сенің басыңнан біреу сипайды деп отырсыңба? тұрмысқа шықпа демеймін 21 жас пен 23 жас арасында шықсаңда кешікпейсің. ұшпалы қонбалы сезімге бола бал дәурен шалқып тасатын жастық шағыңды құртпа!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 27.04.2020 Жанұя сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 1.11.2023 Махаббат сұрақ қойды
+1 дауыс
2 жауап
...