0 дауыс
3.3k көрілді
салеметчиздерме.мен куйеммен ажырасып келеди неге дисздерме көзіме шөп салған бр емес бірнеше рет. қанша болды шыдап келем жылапта кулипте айттым.арамызда 3 айлық бала бар ол менде калат өзін кетебер

5 жауап

0 дауыс
Ажырасу ерлі-зайыптылар үшін өте ауыр процесс, әсіресе егер жұптың балалары бар болса. Сондықтан адамдардың процедураны дұрыс ресімдеп, тез өткізгісі келетіндігі таң қаларлық іс емес.

Қандай жағдай болмасынҚазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңның 26-бабы бойынша баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар.
Ал бала кімде қалуын ата-анасы келісу арқылы шешеді. Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
Егер сіз нақты дәлелдемелерді ұсына алсаңыз, бала сізде қалады.
Алимент алу туралы мәселе өз алдына, асықпаңыз, осы сот процессі өткен соң осында жүгінерсіз.
ТолығырақНеке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінде
0 дауыс
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 22 бабына сәйкес, некені бұзу туралы шешімінде сот:

1) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұратындығын айқындауға;

2) ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде балаларды күтіп бағуға алименттер төлейтінін айқындауға;

3) кәмелетке толмаған балалардың және (немесе) ерлі-зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуге;

4) жұбайынан ақша қаражатын алуға құқығы бар екінші жұбайдың талап етуі бойынша осы қаражат мөлшерін айқындауға міндетті.

Осыларға қатысты талаптарыңызды сіз бірден сотқа берген талап-арызынызда қарастыруыңыз керек. Себебі сот тек сіздің талабыңыздың шеңберінде шешім шығара алады.
0 дауыс
Балаңызды тірі жетім етпеңіз

Өкінерсіз

Ажырассаңыз

Ертен сол əрекет балаңыздан қайтпайды дейсізбе?

Өмір ес
0 дауыс
салеметсізбе менің заңгерден сұрайын дегенім.Мен куйеумен ажырасқым келеді.Оган деген сезімім жоқ.Арамызда 3 баламыз бар.Мен мұғаліммін.Бар жағдайын өзім жасаймын. Мен ажырассам қанша әлимент алам және балаларым 6.4.3 жаста.Бала анасы қасында қалады ма.Ол алдыңғы отбасынан 1 улға айлығының 25 процентін төлейді.мен қалай шешсем болады.
0 дауыс
Сот тәртібімен бала бір жасқа толғанша ажырастырмайды. Ажырасқан жағдайда бала анасында қалады. Негізінен семьяны сақтап қалған дұрысқой. Ақылдасып, сабырғаи келесіздер.

Ұқсас сұрақтар

...