Лейкоздарды емдеу.
Полихимиотерапия принциптері:
- Екпінді
емдеу әдісі;
- Препараттарды
циклді қабылдау;
- Емдеу
интенсивтілігі;
- цитостатикалық
препараттардың сәйкес келуі.
Барлық
химиопрепараттар екі негізгі топқа бөлінеді:
1-ші топ — жасушалық
циклға (циклоспецифиялық) әсер ететін, митоздың бір немесе бірнеше фазасына
әсер ететін химиялық агенттер
2-ші топ – бұл
химиялық зат, оның әсері циклға тәуелсіз.
Цитостатикалық
терапияның бірінші сатысы – ремиссия индукциясы.
ВАМП комбинациясы: 5
сегізкүндік курс бойынша –жедел лимфобластты лейкоздардың (ЖЛЛ) терапиясы.
Оған мына препараттар
кіреді:
- Винкристин
1,5 мг/м2 в/і аптасына 1 рет 1-ші немесе 3-ші күннен бастап.
- Аметоптерин
(метотрексат) 20 мг/м2 1 рет 4 күнде в/і.
- в-Меркаптопурин
— 100 мг/м2 күн сайын.
- Преднизолон
— 40 мг/м2 күн сайын.
ВРП комбинация:
- Винкристин
-2 мг 1 м2 аптасына.
- Рубомицин
— 80 мг 1 м2 аптасына.
- Преднизолон
— 40 мг 1 м2 аптасына.
- Ең
күшті әсері – 80% жағдайда 3 күн ішінде цитозинаробиназид 100 мг/м2-ді
даунорубицинмен – 45 мг/м2-мен қосып емдегенде жазылу (немесе толық
ремиссия) байқалады.
Емдеудің келесі сатысы
– бұл: ремиссия
консолидациясы, яғни сүйек миының трепанобиопсиясы кезінде бластты жасушалардың
азаюы кезінде лейкозды жасушалардың толық эрадикациясымен ремиссиясын нығайту
керек.
Үшінші саты – бұл:нейролейкоздардың профилактикасы — ЖЛЛ,
ЖМЛ-мен ауыратын науқастарға жүргізіледі.
Төртінші саты – бұл:Цитостатиктердің ұстанымды дозасы
ремиссиясы кезінде емдеу (Цитозин арабиназид — 30 мг аптасына немесе 5-күндік
курста 25 күнде интервалмен, тиогуанин — 40 мг/м2).
Толық ақпарат: http://kazmedic.kz/archives/category/gematologya