0 дауыс
1.3k көрілді
ТМД (СНГ) елдерінің ішінен қай мемлекет экономика жағынан алға шықты?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Меніңше тап қазіргі жағдайда болашағы мықты Белоруссия, себебі ол елдің экономикасы ешқандай шикізатқа, әлемдік дағдарысқа бағынышты емес. Оларда ауылшаруашылығы қатты дамып кеткен, неше түрлі тауарларын экспортқа шығарады, өз күндерін өздері көріп отыр (мысалы біздің экономика тек қана мұнайдың әлемдік бағасына ғана тәуелді)
Халыққа ең қажетті колхоз-совхоздарының біреуі де таратылмай сол күйінде жұмыс істеп тұр, мемлекет ауыл-шаруашылық өнімдеріне мұқтаж емес дейді естуімше. Ал кей мемлекеттер  сол ең қажатті колхоз-совхоздардан бастап жауып, малдарын, техникаларын сатып құртып, содан жап-жақсы күнін көріп. қалаларды асырап отырған ауыл халқы  күтпеген жерден жұмыссыз қалды.
Ұстап қалғандар бар екен, бірақ өте санаулы, жақында облысымыздағы сондай шаруашылыққа барып, өз көзіммен көрдім, Жұмыссыздық мүлдем жоқ (халқы 5000 мыңнан астам), қарапайым сауыншы 100 мың теңгеден жоғары алады, жылына ешкінің сүтінің өзінен милоинға жақын ақша түсіреді екен,  (шұбат, қымызды айтпағанда), АО болып құрылған ғой.

Совхоздар таратылып жатқанда сол кездегі директорлар, қасындағылар бас пайдасын ойлап барлығын сатып жіберген ғой, ал ана совхоздың директоры халықтың қамын ойлап ештеңе сатпай әупірімдеп қиыншылық заманнан өтіп кеткен, (Қазір шаруашылыққа сол кісінің атын берген)
Қазір аудан әкімдері кімді қадағалайтынын білмейді колхоз- совхоздар жоқ ,тек мектептерді ғана қадағалай береді айналып барып.  Түсінбеймін осыны, білім жүйесінде нелері бар екенін. Әкім дегендер ауыл шаруашылығымен, ауыл экономикасын көтерумен айналысуы керек сияқты.
...