Біреуге сын айтсаң, кеше ғана сен оны мақтап отыр едің ғой, не болып қалды деп жұлқынатындар бар осында. Өсіріп отырған балаңды күнде мақтай бермейсің ғой дұрыс па? Ұрсатын жерде ұрсып, ұратын жерде ұрып аласың! Сен оны жаман болсын демейсің! Мен сыни пікір жазсам, мен оны жек көргендігімнен емес, алдағы жұмысын түзесін деп айтамын. Дұшпан артыңнан, дос бетіңе айтады. Өтірік күліп, жағымпазданып, мақтап, сыртыңнан ғайбаттап жүргенше, бірден атын атап, түсін түстеп айтып -айтып тастау керек. Сол кезде қызметте өзгерістер болады. Əйтпесе мақтау сүйер халықты кім мақтамай жатыр! Қандай да бір сын айтылса, орынды қабылдап үйренейік. Кез келген жазылған дүние, халықтың жан айқайымен жазылады ғой. Сынды көтере білейік, əсіресе қалай жағынам деп қолпаштап жүрген достары!