+5 дауыс
8.2k көрілді

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні.

Наурыз мерекесі

Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі;

Наурыз - адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі;

Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі;

Наурыз – жеті дәмнен Наурыз көже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі;

Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Құрметпен Сұрақ-Жауап сайтының ұжымы!

4 жауап

+1 дауыс
Көп-көп рахмет! Сұрақ жауап сайтының администраторлары мен сайт қолданушыларын наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
рахмет......................
+1 дауыс
  •  

ең алдымен мен баршаңызды НАУРЫЗ мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Ұлыс оң болсын ақ мол болсын жүздеріңізден күлкі кетпесін.kissyesmail№ 

+1 дауыс

Наурыз құтты болсын! Сізге де көп рахмет!!!

+1 дауыс

Сұрақ-жауап сайтындағы барлық қолданушыларды Ұлыстың ұлы күні - Науырыз мейрамымен шын жүректен құтықтаймын!!!

...