+3 дауыс
1.9k көрілді
Сенде арман бар ма? Өміріңнің ең тәтті күндерін кешіп жүрсің. Еш уайымсыз күліп, уақыттың талай белін асып өттің. Жаның ауырмай, айдын көлде шалқып жүрсің. Қолда барды аямайсың, жоқты армандайсың. Уақыттың алтын тетігі өзімде деп ойлайсың. Алай да басасың, былай да басасың. Мәңгілікке нанасың. Армандардың еш себепсіз орындалатынына сенесің. Бәлкім, бұл да бір жақсы қасиет шығар. Өмірдің ғажайыптарына кіршіксіз сену. Сенемін. Сене беремін...
"Қиял күнделік"

6 жауап

+4 дауыс
иа ! Мақсат армандардан құралатынын ұмытпа
+2 дауыс

Армансыз адам, адам емес дегендей әрине бар оған қол жеткізе алмасақ да армандаудан шаршамаймыз. Кейде шіркін осы армандарымның бәрі орындалып кетсе ғой деп ойлап тілейміз бірақ амал не? орындалмайды. Ешқашан өмірден не болмаса ойлап жүрген арманыңнан ешқашан үміт үзбеу керек. Орындалсын не болмаса орындалмасын ешқашан армандаудан жалығып шаршамау керек тек қана армандай беру керек армандай беру керек. Құдай берсе береді бәрінде ең бастысы үміт үзілмесін.

+2 дауыс
Армансыз адам адам емес, Оны айуанга теңендер !!!
+2 дауыс
Арманым ата-анамды Меккеге апару
+1 дауыс
Ормансыз адам, армансыз бұлбұл болмайдығой. Менің дәл қазіргі уақыттағы арманым Астананы Чемпиондар Лигасынан көру)) Уайымдап жүргеніме көп болды)
Бұлбұлсыз орман, армансыз адам емес пе деп ойлап отырмын)))
Ол енді сіздің версияңызғой)
0 дауыс

Арман көп. Арманның біреуі орындалса екіншісі шығады. Сондықтан, армансыз бола алмайсың)))

аржағындағы ненің суреті
Алақан...
...