0 дауыс
2.8k көрілді
Арал теңізінің суы қайда кетіп жатыр. Спутник арқылы көрсең болады су өте азайып кеткен, қорқынышты. арал орнына толып жатыр дегені жалған екен.Қазақстанда климат осыдан бұзылады.

5 жауап

+1 дауыс
Аралдың проблемасына 30 жылдан асты ғой, Сырдың бойында Аралға құятын өзендер бар, соны шаруа адамдары өздеріне қарай ашып алып, суды құртқан, содан Аралға су жетпей , тартылып кетен

*Болашақта құртылып кетуі ғажап емес
–1 дауыс
Бұл байқоңырдың кесірі ғой
0 дауыс
Парталға кетіп жатыр....
0 дауыс
Өзім Аралдың қызы болғандықтан Арал жайлы қызықты мәліметтеріммен бөлісе отырайын. Арал теңізі жайлы бірнеше мәліметтер бар.

1. Арал теңізі - Каспий теңізімен жер асы байланысында деген мәліметтер бар. Яғни Каспий теңізі көтерілген кезде, Арал теңізі тартылады дейді. Әрине кішкене қисынға келмеуі мүмкін бірақ сондай болжамдар бар.

2. Осыдан 1 жыл бұрын газет бетінен "Арал қайта оралады" деген мақала оқыған едім бірақ авторы өкінішке орай есіме түспей тұрғаны... Сол мақалада менің түсінгенім бойынша Арал біздің заманымызға дейінгі уақытта да тартылған. Яғни тартылғаннан кейін 70-80 жылдан кейін қайта орнына келген. Демек Арал теңізінің тартылуын табиғи құбылыстар қатарына жатқызуға а болады деген сөз. Арал теңізі қателеспесем 1985-1990 жылдары тартылды. Демек 70-80 жылдан кейін оралады десек бұл 2065-2070 жылдар болады. Мақаладан оқығаным осы.
Қайдағы табиғи құбылыс! Өзбекстан егін суаруға жартысын бұрып алды Сырдария өзенінің, ал түркіменстан Амударияның жартысын қарақұм каналына бұрып алды. Аралға құятын екі өзеннің суы 50 пайызға кеміді, енді осыдан барып Арал тартылмағанда не болады. Арал енді мүлдем орнына келмейді, өйткені арал тартылған соң одан ұшып шыққан тұздар Алатау,Тянь-Шань, Памир тауларының басындағы қарларын едәуір ерітіп айзайтып жіберген уже. Сол қарлар жаз бойы еріп өзен болып Аралға құятынын білмейсіңдер ма??? Келешекте ол тауларда қар қалмайтын болса, екі өзен де жоғалып кетуі мүмкін деп отыр ғалымдар. Менің әлі есімде 80-ші жылдардың аяқ жағында Сыр өзеніне құятын Арыс өзенінен ат өте алмайтын, ал қазір кішкентай бала кешіп өтіп жүре беретін болды суы азайып, Ауылымыз тура арыс өзені басталатын тау бөктерінде орналасқан, оны осыдан ақ біле бер.
Табиғи құбылыс деп жазса бір нәрсеге сүйеніп жазған шығар. білем қазір жағдай тым ауыр. Бірақ, Аралдың қайтып оралатынына сенім артқаннан басқа біздің қолымыздан не келеді? арал тағдырын, оның ауыр қайғысын сол елді-мекеннің тұрғындарынан артық біліп сезінетін адамдар жоқ. Бәрінің айтатыны құр ауызбен ғана. бірақ түптеп келгенде ешкім ештеңе істеп жатқан жоқ. Әлгі мақаланы жазған адамға қайта алғыс айту керек! Неге? Өйткені рухани жағынан адамдарға демеу көрсетті. Сол зерттеу еңбегі арқылы аз да болса сол елді-мекен тұрғындарының үміт оты қайта тұтанғандай болды. Оның бірі - мен!
0 дауыс
Өзбекстанның президенті И. Каримовтың өзі де қатты өкініп мойындағанын оқыдым бір сайттан.Каримовтың айтуынша Аралдың балығынан түсетін кіріс бағасы қазіргі өздерінің егіп жатқан бүкіл егіндіктерінен де бірнеше есе пайдалы екенін кеш түсініпті.Бірақ тым кеш, Арал тартылып қалды , сол балықтан түсетін байлықтан айырылып қалды. Арал теңізінің жартысы өзбекстанға қарайды ғой.

Ұқсас сұрақтар

...