Жоспар:
1 Кіріспе «Қаңлылар»
2 Негізгі бөлім:
а) «Олардың орналасуы»
ә) «Саяси тарихы»
б) «Шаруашылығы»
г) «Қол өнері»
Қорытынды «Қайран елім – қазағым қайран жұртым!»
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Б.з.б. ІІ ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Усун, Янцай, Кангюй мемлекеттер қалыптасты. Соңғысы Қазақстан тарихында ереулі рөл атқарады. Тарихынаманың ауқымды болғанына қарамастан, кангюйлердің зерттелуі әлі де қанағаттандырылмайды. Оның үстіне деректер үзік-созық және қарама-қайшы, мұның өзі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұлан-байтақ жерді Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуандария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың оңтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фулю, Юйни, Цзу, Юйцзнь, сияқты бес «Шағын иелік» бағынды. «Кангюй» бұл Қытай жазбаларында осылай аталған қаңлы мемлекеті. Қытайдың тарихи храникалары деректерінің ерекшелігі мынадай: тек соларға қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасының Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің (Сусе, Фулю, Юйни, Юйцзнь) қалай орналасқаны және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес. Алайда, жазбаша деректемелер тобын едәуір кеңейтпейінше және оларды түсіндірмей, археология деректерін қарастырмайынша, тегінде, тарихи-саяси, этникалық мәселелерді шешу мүмкін емес.
Орналасуы.
Кангюй мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мәселелерінің тарихы И.Блечуриннен басталады. Ол оны орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгіленген. «Шицзи» тексінде «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазір қазақтың Ұлы жүзі мер Орта жүзі көшіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап өткен.
«Шицзиде» кангюйдің орналасуы туралы былай делінген: «Кангюй Даванның (талас) солтүстік-батысында шамамен алғанда 2000 м жерде жатыр. Бұл әдетте 2000 әскері бар юечжиліктерге ұқсайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжиелердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды. Үлкен хан әулетінің келесі храникасы «Цянь Ханьшудың», «Жерге орналасуды суреттеу» деген тарауында кангюйлерге арналған бөлім бар онда сөзбе-сөз келтіргенде былай делінген: «Кангюй билеушісі Лоюень елінде, уананнан 12 300 м жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол намесникке тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Люеннен жеті күнде жетуге болады. Халқы 120 000 отбасы, 600 000 адамнан тұрады, әскер саны 120 000 адам. Әдет-ғұрпы үлкен юечжимен бірдей. Кангюйлер шығысында ғұндарға бағынады. ХХ ғасыдың ортасына қарай олардың орналасу мәселелері жөнінде негізінен екі көзқарас.
1) Кангюйлер Ташкент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең байтақ жерді алып жатты.
2) Кангюй иелігі Сырдария өзенінің сағасынан Ташкентке дейінгі алқапта шоғырланған, ал байырғы жерлері Сарысу өзенінің орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейінгі орналасқан деген көзқарастар қалыптасты. Бірінші көзқарасты С.П.Толстов мейлінше дәлелді қорғады. Кангюй жерлері шығысында Ферғанаға (Давань) дейін жетті. Оңтүстігінде парфиямен және Бактриямен шектесіп жатқан, батысында Бұхара жазирасы мен Хорезмді қамтыған. Бес иелігі былайша орналасқан:
1. Сусе – Қашқа сериядағы шахрисябз.
2. Фума – Зеравшан өзеніндегі Кугшания облысы.
3. Юини – Ташкент жазирасы.
4. Цзу – Бұхара.
5. Юицзнь — бұл мемлекеттің орталығы болған хорезм.
С.П.Толстовтың бұл мәселедегі негізгі қарсыласы А.Н.Бершитам кангюй жерінің шығыстағы шекарасы Талас өзенінің бойымен өтеді деп санады. Кейін біздің заманымыздың ІІІ ғасырында Цзиньшидің мәліметіне қарағанда, ол Іле өзеніне дейін жеткен Кангюйдің бес иелігі Сырдария өзенінің бойында былайша орналасқан: Юицзнь-Хорезм; Цзи-сырдария сағасы: фулю – Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейінгі; Сусе – Сырдарияның орта сағасы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юйни – Ташкент жазирасы. Жекелеген археологялық мәдениетін, Сырдария арнасында Кангюй – Каратау мәдениеті; Ертедегі Қуандария арнасында – Жеті асар мәдениеті; Сырдария сағасында қала жұртының мәдениеті мен антик кезеңіндегі хорезмнің мәдениеті бар. Алайда кангюйлердің байырғы жерлері, атап айтқанда Сырдарияның орта ағысындағы жерлер болған. А.Н.Бернитамның пікірі бойынша, неғұрлым ертедегі тарихи ескерткіштер — Авестада, Махабхаратада, Пехлевилердің бундахишіні мен эпикалық Шахнамада аңызға айналдырылған. Кангха нақ осында орналасқан. Ол ежелгі түріктердің руналық ескерткіштерініің пенгутарбанд елін де осында орналасқан деп көрсетуді ұсынған жөн.
Кейіннен бұл көзқарасты Қазақстан зерттеушілері мен ежелгі орта Азия тарихының саласындағы басқа да мамандар негіз алды. Сонымен, кангюйлер Сырдария өзенінің орта сағасының солтүстік жағын мекендеген және Кангха мемлекетінің ұйытқысы болған тайпалар одағы деп мейлінше айқын айтуға болады.
Саяси тарихы.
Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректерде Кангха елінің аты б.з.б. XIV ғасырдан бастап мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б.з.б. IV ғасырдың аяғындағы оқиғаларды жақсы білетін, антик авторлары кангюйлерге тоқталмайды. Сырдария бойындағы аймақта «Қан үйі» б.з.б. ІІІ дұрысында ІІ ғасырда көтерілген ел деп жормалдауға болады. Бұл кездегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған еді.
Егер б.з.б. ІІ ғасырдың екінші жартысында Чжай-Цянь. Кангюй жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, о солтүстігінде ғұндарға тәуелділігін айтса, біздің заманымыздағы І ғасырда мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжай-Цянь юечжи әскерлерін 100-200 мың, ал кангюй әскерін 90 мың деп хабарласа, Цянь-Хань-Шу енді кангюй әскерін 100 мың дейді. Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі кангюймен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай қоймағанын, ол кангюйлердің алдынан оңтүстікпен батысқа экспансия үшінг мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде, сірә, кангюйдің жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда болса керек, ол өзіне Янцайды (Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан тайпалар одағы), Яньды (Орал өңіріндегі сармат тайпалары) бағындырып алды. Қытай жөнінде кангюй билеушілері өздерін тәуелсіз, тіпті батыл ұстаған, бұл жөнінде б.з.б. І ғасырдың аяғында Батыс өлкесіндегі хань наместнигі императорға былай деп хабарлаған. «Кангюй керісінше өркенірек, батыл және біздің елшілеріміздің алдында бас июге ешбір көнбейді. Онда наместниктен жіберілген усундердің елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты әуелі солардың княздарымен ақсақалдарына, сонан соң барып наместниктің елшілеріне тартады. Ал ертеректе Ферғана-Қытай соғысының барысында, кангюйдің араласуы ғана Ферғаналықтарды астанасының қирауынан құтқарып қалды және ферғаналықтарға тиімді бітім жасалуына жәрдемдесті. Кейіннен б.з.б. 41-46 жылдары кангюйлердің билеушісі үсунге қарсы күресінде солтүстік-ғұн шаньюи. Чжи-Чжиді қолдады, ал үсундердің одақтасы хандық құдіретті қытай болды. Осының алдында ғұндардың державасы солтүстік және оңтүстік ғұндарға бөлінген еді. Оңтүстік ғұндардың жетекші шаньюй Хуанье, тегінде, ру ақсүйектердің және қатардағы қауым мүшелері көпшілігінің мүдделерін білдірген болар, Қытайға беріліп, онымен татулық және достық туралы шарт жасасты. Чжи-чжи оңтүстік ғұндарды бағындыруға сәтсіз әрекет жасап, император сарайымен қатынасын үзгеннен кейін байырғы ғұн иеліктерінен ығыстырылады. Ол Учэні, Іяньгуньді, динменді бағындырды, бірақ күш алған оның үстіне қытайлар қолдаған үсундерге қарсы тұра алмады. Өз кезінде үсундер б.з.б. І ғасырдың орта шенінде кангюйдің шығыстағы шекарасына қысым жасады. Міне сол кезде наниойлер усундерге де, қытайларға да бірдей қарсы тұратын күшпен одақтасуға ұйғарады. Мұндай күш Солтүстік ғұндардың шаньюйн Чжи-Чжи болатын Чжи-Чжиге кангюй билеушісі өз қызын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шектерінен жер беріп, өз әскерлерінің бір бөлігін оның басқаруына береді. Усун жеріне Чжи-Чжи бірқатар ойдағыдай шапқыншылық жасағанымен, бұл әскер усусндерді біржола жеңе алмайды. Кангюйлердің шарттарын (державаның шығысындағы шекарасын қауіпсіздендіру) Чжи-Чжи объективті түрде орындай алмады да, соның нәтижесінде жанжал тұтанды. Оны Чжи-Чжи кангюйлердің әдет –ғұрпын көне-көрнеу ұстағысы келмеуі ұшықтыра түсті. Ол кангюй билеушісінің қызыл сондай-ақ атақты адамдарын және жүздеген қарапайым адамдарды өлтірді немесе оларды Дулай (Талас) өзеніне тастады. Чжи-Чжи кангюй билеушісінің ордасынан қуылып талас өзенінің бас жағына кетті де, сонда өзіне қала сала бастайды. Шаньюй өзіне 500 адам жұмыс істейтін жұмысшысы бар. Қаржыны Ферғана мен Парфия билеушілерінен салым ретінде алып отырады, сірә, ол құрылысшы шеберлерді де сол жақтан шақырып алса керек. Екі жыл бойы салынған қала мықтап бекітіледі. Ол екі қорғанмен қоршалды, оның сыртқысы алғаш, ал ішкісі мұнаралары бар топырақ болатын. Ішіне құрылыстар мен қамал орналасқан шаньюй мен оның жақын төңірегіндегілер сонда тұрған. Чжи-Чжидің күшеюі мен оның усундерге шапқыншылықтарын жалғастыра беруі қытай империя едәуір авлаңдатты Чжи-Чжиді дипломатиялық жолмен бейтараптандыру табысқа жетпегендіктен, қытайлар солтүстік ғұн шаньюй Чжи-Чжи мен соғысуға дайындық бастайды.
Шаруашылығы.
Кангюй мемлекеті алып жатқан жер табиғи — климаттық және ландшафтық географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындағы құнарлы тау беткейлері, өзендердің аңғарлары, кең байтақ дал кеңістіктері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын ба географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесімен, шаруашылық қызметке тартылуы мен, шаруашылықтың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленді. Хорезмде, арал өңірінде, Зеравшан аңғарында. Ташкент алқабында ертедегі және алдыңғы антик дәуірінде отырықшылық дамып ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасты. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді. Бұл қоныстар тұрғындардың шаруашылық қызметі қарапайым суландыру негізіндегі егіншілік болды. Бірақ біздің заманымыздағы алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ мысалы: Шыршық өзенінің оң жағалауында ірі Зах паналы (20 шақырым) қазылды, ал сол жағалауында ханарлық паналы тартылды.
Жеті асар алқабында тұрақты емес, тасыған өзендерді, су жайылған тоғандарды, көп еңбек жұмсау керек етпейтін шағын суландыру жүйелерін пайдаланып көлдете жайып суару түрі басым болды. Көк-Мардан алқабындағы суландыру жүйесіне қосымша зерттеу. Арыстың ескі суммаларында бөгет салынған тармақтары суландыру үшін пайдаланғанын көрсетті. Олардан егістіктер мен бақшаларға су ағатын арықтар тартылған жергілікті жерді зерттегенде және ескерткіштермен олардың төңірегін аэрофотосуреттерін ажыратып қарағанда арықтардың іздері, плотиналар мен бөгеттердің қалдықтары аңғарылады. Кангюйлердің қазылған қоныстарының бәрінен дәнді дақылдар (арпа, тары, бидай) қалдықтары бақша дақылдары (қарбыз, қауын) мен жеміс жидектер (алма, жүзім, өрік және т.б.) дән сүйектері табылған.
Тұрғын үйлер жанындағы зат сақтайтын ұрадан қор сақтауға арналған қыш көзелер мен ыдыстар табылған. Кангюйлердің сүйектері көп кездеседі. Олардың ішінде ең көбі, қойдың, сиырдың, ешкінің, жылқының сүйектері. Палеозоологтар елін, таутеке, арқар, киік, марал, қабан сияқты жабайы жануарлар сүйектерінде бөліп көрсетеді. Үйрек, қаз, бірқазан сияқты суда жүзетін және балық аулаған. Оған мысал: балық сүйегінен жасалған ине, біз.
Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығына өте ертеден бастап, қазіргі кезге дейін жайылымдардың маусымдары бойынша бөлінуі тән екенін және көшіп-қону жолдарының меридиан бойынша болатыны ескере келіп, пангюйдің қысқы астанасы сырдария бойындағы аймақта болса, жазғы жайылымы мен билеушінің ордасы алыста Орталық қазақстанда болуы мүмкін деп жорамалдауға әбден орынды болады.
Қол өнер
Кангюйлердің қалалары мен қоныстары жергілікті базаларды не қажетінің бәрінен қамтамасыз ететін қолөнер орталықтарына айналды. Зерттеушілер шаруашылықта түрлі қажеттерді қамтамасыз ететін ыдыстардың ондаған түрін атайды. Металл ыдыспен бірге перамикалық ыдыс. Тамақ дайындауға пайдаланылған, сұйықты тасу және сақтау үшін тұтқалы құмыралар тұтынылған. Азық-түлік жерге қазып орнатылған үлкен ыдыстар көзелерде сақталған. Ақырында әсемдеп жасаған ас ішетін сапты-аяқтар, құмыралар, кеселер де болды. Әдеттегі бұйымдар ішінде зор көркемдік талғаммен істелгендері кездеседі. Бұл кезде пермика дайындау есінде қыш ұршықшасы әлі таралмаған. Ыдыстар айналып тұратын тұғырда таспалау әдісімен жапсырып жасалған. Безендіру және сапасын жақсарту үшін ашытқы қаптама жылтырату, ойып (жасау) өрнектеу қолданылған. Күйдіру көбінесе қыш күйдіретін пештерде жүзеге асырылды. Сырдарияның перамика өндірісінің әдеттен тыс қарапайымдылығының дәстүрлілігін үнемі аттап көрсетеді. Кангюйлер заманындағы қорымдар мен қоныстардан алуан түрлі металл бұйымдардың табылуы жеткілікті жерде металлургия қолөнерінің дамығаны көрсетеді. Кангюйлер үшін металлургия өндірісінің жетекші орталықтары Шаш-Илақ аймағындағы қоныстармен қалалар болды. Нақ осы кезде, осында тауларда жергілікті кен негізінде темір және полиметалл өндіру, алтын мен күміс өңдеу дамыды. Алдыңғы қалалық ірі металлургия орталықтарының бірі қираған. Құлата қаласының орындағы қала болған. Оның көлемі 50 гектарға жеткен, металлургия өндірісінің іздері айқын сақталған. Металл бұйымдардың құрамы мен шеберханалардың қалдықтар металлургияның түрлі салалары темір ұсталық, қола құю, зергерлік істің дамығанын дәлелдейді. Шеберханалардың өніміне қорғаныс және шабуыл жасау қарулары, ат әбзелдерінің бөлшектері, ауыл шаруашылық құралдары, темірден соғылған бұйымдар кірген. Кангюйлердің қабірлерінен әдетте қанжарлар, семсерлер, пышақтар жебелердің ұштары, сауыт, табақшалар табылады. Темір тағалар, шегелер, ілмектер, қапсырмалар, түсті металдан істелген бұйымдар, сырғалар, білезіктер, алқалар, айылбастар, инелер, біздер ұшырасады. Әдетте кангюйлер қоныстарының қабаттарынан сүйектен ою оятын қол өнер іздері табылды. Сүйектен пышақтың, қанжар мен семсердің саптары істелген. Қанжарлардың қырларында, әртүрлі қобдишалардың, құтылардың сыртына сүек табақшаларының суреті салынған. Белбеулер көбінесе об-өрнектермен сурет салынған сүйек табақшалармен безендірілген. Қолөнер жұмысының әйелдер үшін дәстүрлі саласы жүн өңдеу болған. Одан киім, киіз және басқада заттар жасалған.
Қорытынды
Б.з.б. ІІ ғасырда өмір сүрген Қазақстанның оңтүстік өңірін мекендеген қаңлы тайпасы (кангюй) өзінің саяси тарихымен шаруашылығымен, қолөнерімен және Ұлы Жібек жолы арқылы басқада елдермен сауда саттық жасағандығы бүгінгі таңда белгілі болып қана қоймай , біздің өткеніміз жайлы материалдық деректер беріп отыр. Біз өзіміздің өткенімізді біле отырып ата-бабамыздың кім және қандай болғанын білеміз. Осы уақытқа дейін сақталып, археологтар тапқан қанжар, семсер, пышақ, әшкей бұйымдар: сырғалар, білезіктер, алқалар т.б. заттай айғақтар арқылы, көптеген сұрақтарға зерттеулер арқылы жауап бере аламыз. Осынау бір замандарда өмір сүрген, қазақстанның байырғы тұрғындары, бүгінгі күннің негізін салушылар, жер бетінен өшседе артында өшпес із қалдырып кеткен бабаларымыз.
Қолданылған әдебиеттер.
Қазақстан тарихы І том.
Ч. Мусин. Қазақстан тарихы.
Қазақтың көне тарихы
Қазақстан тарихының очерктері.
.