+1 дауыс
405 көрілді
Мәденит пен спорт саласының бір министрлікте болғаны туралы не ойлайсыз? Жалпы үкіметтегі соңғы реорганизация туралы ойыңызды білсек деп едім.

2 жауап

0 дауыс

Қазіргі күні ол екі саланың бірігуі болып жатқан оқиғалардың логикасына кереғар келмейді. Спорт бүгін – демалыс мәдениетінің бір саласы, салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны тарату еліміздің мәдени имиджі болып саналады. Спортсмендердің, олардың жанкүйерлерінің өзін ұстау мәдениеті де этикалық-эстетикалық планда тәрбиеленуі керек. Мысалы, қазақша күрес қазір әлемдік аренаға шығып жатыр. Ол да біздің мәдениеттің бір бөлігі, ата-бабамыздың мұрасы.

Альмира Наурызбаева

0 дауыс

Менің ойымша, мұндай шешім шенеуніктер санын қысқарту қажеттілігінен келіп туындап отыр. Аталған реформа мемлекет пен қоғам өміріне қандай өзгерістер алып келетінін алдағы уақытта көреміз. Күте тұрайық.

Нұрлан Ерімбетов

...