+2 дауыс
912 көрілді

Құрметті Мұрат Әбенов.

Сайтымызда Қаржы сауаттылы, Қаражат, Ақшаны басқару т.б. секілді сауалдар келіп түсіп жатады. Сол сұрақтың бір мысалы ретінде:

Мектепте биржа, ақша табу, қалай жұмсау, валюта, актив-пассив үйретпейді?

Қазіргі кезде Несиені төлей алмау, қажатты игеру т.б. проблемалары бар екені мәлім. Осы олқылықты шешудің бір жолы мектепте қаржы сауаттылығын артырып, балаларға қаржы білімін беру деп білеміз. Мектепте қары сауаттылығын артыру үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр.

Рахмет.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мектептерімізде экономика пәні бар болғанымен қаржылық сауаттылықтың үстіртін ғана үйретеді. 2007-2011 жылдар аралығында елімізде қаржылық сауаттылық пен инвестициялық мәдениетімізді көтеру бағдарламалары ұсынылып, жүзеге асырылды. Қәзіргі таңда бизнес қауымдастықтарынан осы тақырып бойынша бірқатар ұсыныстар түсуде. Атап айтсам Қазақстан тұрғындарының арасында жүргізілген Каспий банкі жүргізген Қаржы сауаттылығына арналған жоба конкурсын айтсам болады. Экономика өзінің ережелерін жүргізеді, болашақта қаржы сауаттылығының маңызыдылығы мектеп қабырғаларынан басталса деп ойлаймын.

Мұрат Әбенов

0 дауыс
Негізі оған бөлінген ақша бөлінген жерге жетпейді.
0 дауыс
Мына бір мысалдың өзі жеткілікті. Біздің жоғарғы билік тот басқан су құбыры сияқты. Оны ауыстырмаса лас су бізге келеді.Сол сияқты жемқорлық, пара алу солардан келіп жатыр. Бәріне жұқтырып жатыр. Бірінші өздерін түземесе, қанша европалық жоба, жаңа білім, технология келсе де бәрібір бүлінеді. Осыны да түсіну қиын емес шығар.
...