Менім жолдасымның ағасы жол апатына түсіп мүгедектер арбасына танылғанына 20 жылдан асты, 1 қыз, 1 ұл баласы бар, ауылды жерде тұрады, қыз баласы тұрмыста, ұл баласы 4 сынып оқушысы, қолдарында аздаған мал ұстайды. Осы ауру ағамызға, бала шаға, малға женгеміз бір озі қарап отыр. Мемлекеттен үй алуға кезекке тұрғандарына 4 жылдан асты, кезекті тексеріп қарап едік 1989 жылдан бері тұрған мүгедек жандар әлі баспана алмаған, бұл кезек бойынша біздің ағамыз кезек күтсе ол кісі бақилық боп кетуі де мүмкін, ағамыздын арманы қаладан үй алып, шағын аяқ киім жөндеу орын ашып енбек етсем дейді. Сіздерден көмек сұрап хат жазып отырған себебіміз осы жайт қатты мазалайды. Қандай көмек бере аласыздар? Жауып асыға күтеміз. Ағамыздың тұратын мекен жайы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ынталы ауылы.