0 дауыс
1.5k көрілді
"Шетелдегі қазақ балалары" деген бағдарламаны көргенде жүрегім ауырады. Ауырса да көремін. Осы Қазақстандағы балалардың шетелдіктердің асырап алуына тыйым салса болмай ма? Олардың асырап алғанының бізге қандай пайдасы тиеді?  Онсызда басымыз біріге алмай жатқанда, өз ұрпағымызды шетке таратамыз. Бұған бір тосқауыл қоюға болмас па екен?

2 жауап

0 дауыс
Оны бермегенмен оны бiздiң қазақ бауырларымыз оны асырап алмайды. Сондықтан мұхит асып келiп, әрi асыраушы табылғасын бередi. Жақында тиым салынды мүлде. Ендi антарктидадан келсе де бала берiлмейдi.
0 дауыс
Осы жағдайға қарап Қазақстанның жағдайы қандай екенін білуге болады. Біз, қазақтар дамыған 50 елдің қатарындамыз енді 30-қа кіреміз деп кеудемізді ұрамыз. Сөйте тұра жетім балаларды асырап, адам қатарына қосуға жағдайымыз жетпейді.
...