+2 дауыс
31.5k көрілді

Мұхит дегеніміз негізінен не?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).

Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді.

Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.Дүние жүзілік су қоры,1360 млн.км3.Мұхиттар 1322000000 км3, мұз жамылғысы мен мұздықтар 29200000км3, еспе су 8673000 км3,өзен мен көл суы 23250 км3, су булары 13000 км3.

ережесі керек еді
0 дауыс

Мұхит деген жер бетіндегі теңіздерден құралған су қабаты.

0 дауыс
Мұхит гидросфераның бір бөлігі.
0 дауыс
Ол мен мен болсам ақуалдарың қыйын екен ғой
0 дауыс
Құрлық тарды бір-бірімен жалғап жатқан ұшы-қиыры жоқ су кеңістігін мұхит деп атаймыз

Ұқсас сұрақтар

...