Келесі Президентіміз кім болады?

КЕЛЕСІ ПРЕЗИДЕНТ КІМ БОЛУЫ МҮМКІН?

Осы жылғы сайлауда Президенттің қайта сайланары хақ. Бірақ мәңгі ештеңе жоқ, "Алда-жалда Назарбаев биліктен кетіп жатса, оның орнына билікке кім келуі мүмкін?" деген сұраққа мен былай жауап беремін:

1.Ең мүмкіндігі көп кандидат - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17.06.1953 Алматы) - мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. 

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

2.Онан соң Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов. Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының 5-нші Премьер-Министрі, 2008 жылдың 4 сәуірінен бастап 2014 жылдың 22 қазанға дейін Астана қаласының әкімі ретінде қызмет етті. Қазіргі таңда ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

И.Тасмағанбетов

3.Халық арасында аты аңызға айналып жүре берген Бекболат Қанайұлы Тілеуханды ескермеуге болмас. Өз кандидатурасын ұсынса, онда да мүмкіндік көп. Бекболат Тілеухан (7 тамыз 1966 жыл, Атасу кенті, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) — әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері,Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің III және IV шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті (2013 жылдың 24 желтоқсанынан бастап).

Б.Тілеухан

4.Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай 1947 жылы 22 қарашада Шымкент облысы Ленин ауданының Энгельс атындағы кеңшарында туған. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Демократиялық мемлекет ретіндегі Қазақстанның жарқын болашағына сенемін». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Кіршіксіз саясаткер жоқ, оларды талапты да таңдаулы ететін тарихи шартталған жағдайлар бар».

Ж.Тұяқбай

5.Болат Әбілов - саясаткер, қоғам қайраткері, бизнесмен, меценат (қайырымдылық шарасын көрсетуші - авт.). 1957 жылы 15 қыркүйекте туылған. 57 жаста. Халық арасында танымалдылығы Ринат Зайытовтың өлеңінде "өзін өзі біртүрлі дәріптегенінен" соң артып кеткен болатын. Орыс тілді қайраткерлеріміздің бірі.

Б.Әбілов

6.Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев (09.04.1953 ж. Бесарық (Талап ауылдық округы, Жаңақорған), Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы) — мемлекет және қоғам қайраткері, вице-премьер. Халыққа өте көп еңбек сіңірген сарабдал тұлғаларымыздың бірі, таңдаулы қайраткерлердің ішіндегі біртуары.

Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев

7.,Өмірзақ  Шөкеев— Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. Алда-жалда өзін ұсына қалса, қандай жолмен болмасын, өтіп кетуі мүмкін.

Өмірзақ  Шөкеев

8.Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов  — 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР Үкіметі басшысы, Қазақстан Республикасысының Премьер-Министрі (2007 - 2012), мемлекет қайраткері. Мамандығы бойынша қаржыгер, заңгер, қытайтанушы, экономика ғылымдарының докторы. Қазақстандықтардың көбісі қолдамайды (мұның мәні бұл кісінің өзге ел "тыңшысы" немесе өзге ұлт өкілі болғандығынан туса керек), дегенмен де көпті көрген, тәжірибелі азамат.

К.Мәсімов

9.Тимур Асқарұлы Құлыбаев (10 қыркүйек 1966, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, KazEnergy ассоциациясының төрағасы, Қазақстан ұлттық экономикалық «Атамекен Одағы» палатасы президиумының төрағасы, Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының төрағасы, «Газпром» РАҚ-ы директорлар кеңесінің мүшесі. Назарбаевтың күйеубаласының монархиялық, әрі хандық билік принциптері бойынша таққа мұрагерлікке құқығы бар секілді.

Құлыбаев Тимур

10.Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1962 жылы 1 қазанда туған. Шымкенттіктер қолдап отырған адам жерге қарап қалмас деген сеніммен Асқар Мырзахметовты 10-орынға лайық деп таптым. Бұған ешкім ренжімес деп ойлаймын.

Асқар Исабекұлы Мырзахметов

Әрине, бәріңіздің де ойларыңыздағыны айтпаған болармын, егерде нағыз патриоттар мен ұлт жанашырлары бұл жағдайға дейін шығып жатса, мүмкін бәрі де күрт өзгерер. Бірақ қазіргі еліміздің көшбасшысы орнын жақын арада босата қоймайды-ау.

Мен ҚАЗАҚПЫН! 23.03.2015 жариялады

6 пікір

Онсыз да "аурулы тақырып" (болезненная тема) еді, ушықтырмауларыңызды өтінемін. Болжамдарға негізделіп жасалған тұжырым ғана. Сайт оппозицияның орталығы емес екенін естен шығармайық.
Назекеңнен кейін елді парламент басқаратынға ұқсайды, егер солай болса Президент кім болсада еш құзыреті болмайды Президент деген аты ғана болады)
Мəсімовты мүлде сызу керек. Жаман үйді қонағы биледі. Қазақстандықтарды өзге ұлт өкілі билеуіне жол бермеспіз. Ал қалған үміткерлерді бөліп жару қиын. Оларды қос қолдап қолдаймын. Мен өз көзіммен Мырзахметовты көріп, оның сұхбаттарын тыңдағандықтан президенттікке лайықты деп танимын.
И.Тасмағамбетов лайықты деп ойлаймын, осылардың алғашқы бестігіне Мұхтар Құл-Мұхаммедті қосып қояр едім. Қырымбек Көшербаевті де қолдар едім.
Мырзахметовке дауыс берер едім, бірақ бұлардың ешқайсысы кандидатқа мүше болған жоқ
Бекболат агамыз болса жаксыго иманды тке соилит дубаи болат Казакстан
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы