Көздегеніңізге жеткіңіз келсе... [сұрақ жабық]

1. Ойдағы істі бастай біліңіз, алға қадам жасаңыз. Сол қадамның нəтижесі сіз үшін қуантарлық болуы тиіс. Бірден ештеңе бітпейді. Адам тынбай еңбек етсе ғана көздегеніне жетеді.

2. Өзіңізді іспес істермен жүктемеңіз. Əр нəрсенің басып бір шалмаңыз. Нақты іспен айналысып, оны аяғына дейін жеткізіңіз. Бітірген шаруаларыңыз көп болуы керек. Өзіңіз үшін ең маңызды шаруалардан бастаңыз.

3. Өзіңізге ұнайтын, өз өміріңіз үшінпайдалы істермен ғана айналысыңыз. Кедергілерге қарамаңыз. Егер қандай да бір нəрсеге қатысты дұрыс жол таңдамағаныңызды сезсеңіз,одан бас тартып, шаруаны басынан бастаңыз.

4. Өзіңізге деген сенім мығым болсын. Сіз ақылы толысқан,қажыр қайраты мол жансыз. Алға қойған мақсатыңызға жетуге күш қуатыңыз мол. Өзіңізді босқа шектемеңіз. Кедерге келтіретін жандардан да аулағырақ жүріңіз.

5. Бір мəселеде жолыңыз бола қоймаса, жүнжіп кетпеңіз, жақсы нəрселер ойлаңыз, одан үміт етіңіз. Алға қарай ұмтылыңыз. Əр нəрседен сынақ ретінде сабақ ала біліңіз. Батыл, тəртіпті, тез шешім таба алатын адамдар өмірде дегеніне жетеді. Олардың өзгелерге де тигізетін пайдасы көп.

6. Өзгерте алмайтын нəрсеңізді өзгертемін деп босқа қуатыңызды сарықпаңыз. Оны өзгерте алмайтын болдым деп те көңіл күйіңіз бұзылмасын. Еңбекқор, өмірге құштар боласыз. Əр нəрсені тек сондай күйде ғана қабылдаңыз.

7. Өткен іске өкініп, алаңдамаңыз. Ол өтті, сонда қалсын.

8. Еңбекқор болу керек деп өзіңізді тым қинамаңыз. Кейбір істе қателік жіберуіңіз мүмкін. Көп жұмыс істеймін деп, оның кейбірін мүлде сапасыз атқаруыңыз да ықтимал. Тым асығып, аптықпаңыз. Қажет кезде тынығып алыңыз. Сонда сізге кейбір мəселелерге кейін "жаңа, тыныққан" көзбен қарауға мүмкіндік тиеді.

9. Өзгелерге жақсы үлгі көрсетіңіз. Сол арқылы өзіңізді шыңдайсыз, өзгелерге де пайдаңыз тиеді. Өйткені үлгілі адам қызығатын мінез құлқы бар, игі іс атқаратын адамнан өнеге алып, оған ұқсағысы келетіндер көп. Сіз өзіңіздің үлгілі істеріңізбен өмірге, қоршаған ортаға тек паëда əкелесіз.

10. Мейірімді  болыңыз, ол сізге сенімділік береді. Ойыңызда да, ісіңізде де мейірім жүрсін, ол сіздің өзіңіз үшін де, өзгелер үшін де пайдалы. Қиналған жанға қол үшін бере жүріңіз.

11. Өмірді сүйіңіз. Өзгелерге ізгəлік сыйлаңыз. Жаман əдеттерден аулақ болыңыз. Өзгелерге жақсылық жасаңыз,қамқор болыңыз.

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Пайдалы кеңестер 23.03.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы