Қызыл Ханшатыр

Шымкент қаласының Нұрсәт шағынауданын араладым. Бұған дейін жұмыстың көлігімен съемкаларға келіп-кетіп көргенім болмаса, жаяулатпаған екенмін. 
Ұнады. Жасыл-желегі әзірге жоқ демесең, масштаб бар.

Астананың сол жағалауындағы ел танитын ғимараттарды жапсырып тастаған мына угольникті сол күйі түсінбедім. Мозаикасының алдына барып, бес минут қарап тұрдым. Сондағысы, Ханшатырдың түсі неге қызыл, деген сұрақ ғой.


Мен ойладым: әртүрлі түске боялып, жанып-өшетін шығар деп. Қайдан,мен қараған бес минут бойына қызыл түсін өзгертпеді.


Түнде әдемі көрінер, бәлкім.

Айтпақшы, Нұрсәттің өз Метросы бар. Күшті, иә

Облыстық әкімдік, маслихат дегендер де осында көшкен.

Студенттер мен оқушыларды жинап, Наурызды тойлатуға дайындап жатыр.

Алдағы күндерде жалдау құны қалтаға қолайлы пәтер табылып жатса, осы шағынауданға көшемін.

Елді мекендер 20.03.2015 жариялады

6 пікір

Шымкент қаласының орталық алаңы сол Нұрсат ауданы жағына қарай ауысатын болады ма?
Жақын арада мен де бардым. Шынымен де керемет болып кеткен. Орталық сол жаққа ауысады дейді
иә, солай, ауысады, ауысып та бастад енді
шымкенттегі ең әдемі жері нұрсатқой,
Нұрсəтте тұрасыз ау деймін)) Одан да əдемі жерлер көп негізі))
Нұрсәтте тұрмаймын. Бір шаруалармен барып қалған едім
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,459 қолданушы