Поэзия 20.03.2015 жариялады
Сол оттың сәулесінде бұлаң қағып,

Кешегі өтіп жатса жылдар ағып,

Көрінсе қоршаудағы батальон,

Көк түтін төбесінде шудаланып.

 

Ыс баскан, күйе құскан әрбір солдат,

Найзалар түнді тесіп өтсе самғап,

Саңқ етіп бір мезетте оқтай бұйрык,

Көрінсе іле-шала сонда комбат!..

 

О, сонда, бар маңайды жанғыртып кап,

Генерал берсе әмір,

Сап тұйықтап.

Комбаттың баданадай кос көзінен

Риза боп сүйіп тұрса Панфилов қарт!

 

Міне сол бар арманым от сұраған,

Алатын одан артық жок сыбағам.

Халыктың қасиетін шын көтерген,

Жүзге де жүлде бермей, жетсін ағам!
117,915 сұрақ
304,128 жауап
153,312 пікір
65,862 қолданушы