Кісінің кім екенін құлағынан да­ тануға болады­...

Шығыс медицинасы бойынша адамның құлағының формасына, көлеміне және қалай орналасқанына қарап оның мінезінің ерекшелігін, ерік күшін, белсенділігін, сондай-ақ денсаулығын да білуге болады. Сондықтан психолог, психиатр мен криминалист болмасаңыз да, мұны біле жүргеннің зияны жоқ. Егер құлақтың үсті қастан жоғары орналасса, онда ол өте жо­ғары интеллект иесі бол­ғаны, ал құлағы қасымен бір деңгейде орналасса - ол адам лидер болуға ұмтылады және өз бетінше кесіп-піше алады деген сөз. Мұндай адамдар оп­тимист болып келеді және көз­деген мақсатына күш салуымен ерек­шеленеді. 
Ал енді құлағы көзімен бір деңгейде орналасса, онда ол - орташа интеллектінің адамы. Құлағы көзінен төмен орна­лас­с­а, онда ол - дарынсыз­дық­­тың белгісі. 
Бір құлағы екіншісінен биік орналасса, ондай адам­мен бәстесу өте қиын. Себебі ондайлар логикаға бағынған­нан гөрі нәпсісіне жүгінгенді жөн көреді. 
Құлағы кішкентай (6 см-ге дейін) адамдар - жеңіл, үстірт ойлайтындар. Романтик кейіп­тегі мұндай адамдар кез келген кісінің уәдесіне, анты мен сертіне құлай сенгіш болып келеді. Денсаулығы пәлендей мықты болмайды. 
Құлағы орташа адамдар кертартпа, ескішіл болып ке­ле­ді. Есесіне отбасы мен қыз­мет­ті шебер үйлестіре біледі. 
Құлақтың үлкен (7 см-ден үлкен) болып келуі өзіне деген сенімділікті, пысықтықты, еті тірілікті білдіреді. Әрі мықты денсаулықтың белгісі. 
Үлкен қалқан құлақ кө­бінесе өте талантты музыкант­тар­ға тән. Мәселен, бұған Нұр­ғиса Тілендиев пен Шәмші Қал­даяқовтың құлағын жат­қызуға болады. 
Егер сол құлақ оң құлақтан үлкен болса, онда оның иесі нақты ғылымдарда үлкен та­бысқа жетеді, ал оң құлағы үл­кендер - тумысынан гума­нист адамдар. 
Құлақтың сырғалығының көлеміне қарап, жыныстық бел­сенділікті де анықтауға бо­лады. 
Құлақ сырғалығы үлкен адам­дар - төсек қатынасына жиі баруды сүйетіндер. Ал құлақ сырғалығы миниатюралық кейіп­тегілер төсектің жиі­лі­гі­нен гөрі оның сан қырлы бол­ғанын қалайтындар. 
Құлақ сырғалығы орташа­лар төсек қатынасының саны мен сапасын үйлестіре білетін­дердің қатарына жатады. 
Созылыңқы құлақ иесі - әдеп­тілік пен биязылыққа жа­қын, әсерленгіш адам. 
Кең құлақтылар - реалист, дұрыс, тура ойлайтындар. 
Ұшталған сүйір құлақ ие­лері - қу, жылпос, айлакер адам­дар. 
Құлағы жоғары қарай сүйір­леніп, жымқырыла біткен адамдар өте қатігез болып ке­леді. 
Құлағыңыздың үстіңгі жа­ғы томпақ, шошақ, кертеш бол­са, адамдармен қарым-қа­тынаста абай болыңыз! Сіздің мыс­қылыңыз кез келген адам­ды оңбай жаралауы мүмкін. 
Құлағын қалың жүн басқан адам­дар кісіні дұрыстап тани алмайды, есесіне олардың тем­пераменті туралы аңызға бер­гісіз әңгіме бар. 
Ірі және жуан құлақ иесінің ден­саулығының мықты екенін және ұзақ өмір сүретінін, со­нымен бірге өнерге қызық­пайтындығын айғақтайды. Ал егер құлағы жуан болғанмен, тар орналасса, ондай адам өз бетінше өмір сүре алмайды. Өзі­не тапсырылған істі де дұ­рыстап атқара алмайды. 
Құлағы тез ысып, тез қыза­рып шыға келетін (тіпті бұл белгі күтпеген жерден және сәл уақытқа болса да) адамдар жылдам реакциялы, агрессияға жақын, гипертония мен жүйке тозуына бейім болып келеді. Керісінше құлақтың салқын және бозаңданып тұруы да жүйке жүйесінің әлсірегенін білдіреді. Құлағының ысуы мен қызаруы төмен адам сыл­быр, самарқау, бос болып ке­леді. 
Құлақтың жалпы қызарып, көгеріп, қара қошқылданып тұруы бауыр мен асқазан, жү­рек, ішек ауруын білдіреді. 
Құлақ терісінің тым жар­қырап тұруы - дене күшінің әлсі­реп, азғандықтың, жадап-жүдегендіктің белгісі. 
Құлақ түбінде, әсіресе, алдында әжімнің көп болуы жалпы организмнің әлсірегенін білдіреді. 
Құлақ айналасындағы қо­ңыр, қызылқошқыл дақтар тоқ ішек пен аш ішектің ауыра­ты­нын, организмде минералды зат­тардың жетіспейтінін көр­сетеді. 
Құлақ сырғалығының жоқ­қа тән немесе өте кішкен­тай болуы - ойлай білу қа­біле­ті­нің төмендігін білдіреді. 
Құлақ сырғалығының төрт­бұрышты болып келуі физи­ка­лық орасан қара күшті, агрес­сия­ға тым бейімділікті та­­­ны­тады. 
Сырғалықтың үлкен созы­лыңқы және сүйір болып келуі - ірі ойшылдықтың, ең­бек­сүй­гіштіктің, ішкі күштің мол екен­дігінің белгісі. 
Сырғалықтың жастық сын­ды мамық әрі жуан болып келуі - семіздікке бейімділік пен ой белсенділігінің төмен­де­­ге­нін білдіреді. 
Құлақ сырғалығы рабайсыз үлкен әрі үйлесімсіз формада болса, ондай адам генетикалық жағынан онкологиялық ау­руларға бейім болғаны. 
Құлақ сырғалығының бүр­меленіп, қыртыстанып, қат­пар­ланып тұруы атеросклероз, инсульт пен инфарктке ұшырау мүмкіндігінің, диабет ауруы­ның белгісі. 
Құлақтан басқа да адамның басқа бет-әлпет мүшелеріне қарап, оның өзіндік ерек­ше­лігін ажыратуға болады. Мә­се­лен, бас бармақты алайық. Бас бармақ хироман­тия ілімінде үлкен рөл ойнай­ды. Адамның мінезін бірден-бір ашатын осы - бас бармақ. Бас бармағы ірі, ұзын адамдар басқаларға қара­ғанда алымды да шалымды, көздеген мақса­тына жетпей тынбайтын лидер болып ке­леді. Мәселен, Напо­леонның бас бармағы осындай болған. Ал бас бармағы кіш­кентай адам­­дар - қарым-қа­тынаста тар­­тымды болады, қа­жет ке­зінде жігерлілік та­ныт­қанмен, ерік күші әлсіз бо­лып келеді. Бас бармағы ор­та­шалар - өзін-өзі қор­ғай алатын адамдар. Ал адамның бас бар­мағы тез бүгіліп-ашылғыш, әрі оңай қи­мылдағыш болып кел­се, ол мәдениетті жанымен сүйе­ді. Жүрегі де, көңілі де өте нә­зік, шығармашылықпен ай­налы­сып, көбіне уақытты жал­ғыз өткізгенді қалайды. Алайда мұндай адамдар өте қу болып келеді. 
Сұқ саусағы төртінші сау­са­ғынан ұзындау келетін адам­дар өте жігерлі, әрі өз дегенінен қайт­пайтын қайсар болады. Өзін қай жерде қалай ұстау ке­ректігін жақсы біледі, жүрген ортасында салмақты, өзіне сенімді. Ешқашан да жалған сөйлемейді әрі біреудің алдап тұрғанын тез сезіп қояды. Ал сұқ саусағы төртіншісінен кел­те болып келетін адамдардың мінездері айналасындағыларға өте жағымсыз болады. Олар тым қорқақ, өз ойын толы­ғы­мен жеткізе алмайды және кез келген адамды орға жығып кетуден тайынбайды. 
Ал бастың тым үлкен болып келуі, жалқау адамдарға, тым кішкентай болып келуі тар­тыншақ адамдарға тән. 
Пұшық, тәмпіш, таңқы мұ­рын­дылар - қиын тапсырма­лар­ды шешуге қабілетсіз, ондай жерден басын ала қашатындар. «Картошка» мұрын адамдар стихияға бейім. Мұрны жуан адам мейірімді болғанымен, ойы алғыр болмайды. Мұрны төмен қарай бүгіле біткендер эгоист, кейде залымдыққа бейім бо­лып келеді. Керісінше мұр­ны ж­оғары қарап қалғандар көп­­шілік мойынсұнған тәр­тіп­ке бағына бермейтін, еркін, та­­сыраң мінезділер. 
Үстіңгі ерні жуан адамдар сын сөзді көңіліне тым ауыр ала­ды, қалжыңды көтере ал­май­ды. Езудің бір жағына қи­сайып тұруы кежір, арынды мі­незді танытады. 
Атжақты адамның зиялы­лығы басым, қажыр-қайраты мығым, ел басқаруға қабілет­ті­лігін білдіреді. Саясаткерлер мен билік басындағыларда жиі кездеседі. Дөңгелек жүзділер мейірбан, ақ жарқын, ашық болып келеді. Үш бұрышты бет пі­шінділер қулыққа, айла­кер­лікке бейім. Төрт бұрышты бет пішінділер өте шабан ойлайды, бірбеткей болып келеді. Мұн­дай кескін әйелдерде болса, он­да бұл әйел өзін ер адам ор­нына балайды. Томпақ беттер қал­жыңға бейім, ақжарқын бо­лып келеді. 
Жазық, кең маңдай - ақыл­дылықтың, ойлылықтың ны­ша­ны. Қусырыла біткен тар маң­дайлы адам төмен интел­лек­ті, бірақ өмірге икемді, өзі­не-өзі сенімді, пысық болады. 
Жіңішке қас адамның тал­ғампаздығын, кір­пияздығын, сонымен қоса шамшылдығын, ашуланшақтығын білдіреді. Қасы түп-түзу адам тіл алғыш бо­лып келеді. Қиылған қас қиял­шыл, сезімге берілгіш адам­дарға тән. Ал екі қасының ара­сы бір-бірінен алшақ тұрған адам басқалардың ықпалына тез түседі. Қастары түйісіп тұр­са, ол жүйкесінің мықтылығын білдіреді. 

Әлемге саяхат 20.03.2015 жариялады

5 пікір

Полный бред...
Биология, сенің құлағыңның формасына жазылған мінездеме өзіңе ұнамады ма ? ))
жоқ) құлағым қалыпты)  мінезім жаманына жаман, бірақ құлақтың пішінінің қатысы қанша)
Қазақша жазсаң бірдеңең кете ме?
Кешірім сұраймын, өзгерттім
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы