ҰСТАЗ - ҰЛЫ ТҰЛҒА!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    Құрметтi ұстаздар! Сiздердi кәсiби мереке — Ұстаздар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз!

    Ұстаздық  — қоғамдағы ең құрметтi де қадiрлi мамандықтардың бiрi. Өйткенi адами қасиеттердi бойына сiңiрген шынайы ұстаз, өз шәкiрттерiнiң жүректерiне бiлiмге деген құштарлықты және Отанына деген адал сүйiспеншiлiктi оятады. Бiлiм беру жүйесiн дамытуға, туған жердiң шынайы отансүйгiштерiн тәрбиелеуге және болашақ жалпы еңбек қоғамын құруға қосқан лайықты үлестерiңiздi атай отыра, ауданымыздың барша мұғалімдер қауымын, тағы бір мәрте кәсiби мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймыз!  Балаларыңызға берген жылулық пен тәрбиелерiңiз қашан да алдыларыңыздан сәттiлiк пен алғыс ретiнде шыға берсiн. Сiздерге мықты денсаулық, береке, ұстаздық жолында шығармашылық табыстар мен жетiстiктер тiлеймiз.

Құттықтаймыз! 12.01.2015 жариялады
115,849 сұрақ
293,674 жауап
152,787 пікір
59,778 қолданушы