Шетелге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама #2 Виза алу!

• Егер басқа мемлекеттің аумағына кіруге виза керек болса, оны алу үшін сол мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігіне я консулдық мекемесіне өзіңіз немесе жақсы білетін турагенттік арқылы алдын ала (1-2 ай бұрын) өтініш жасаңыз.

 • Кейбір мемлекеттердің елшіліктерінде визаны дайындау мерзімі, әсіресе, демалысқа баратын саяхатшылар көбейген кезде, көп уақытқа созылып кететінін ескеріңіз. Сонымен қатар, әр елшілік визаны беру тәртібін, мысалы, консулмен сұхбатты, визаның құны мен қажет құжаттардың тізімін өз қалауына қарай бекітеді. 

 • Шетел мемлекеттері елшіліктерінің виза алу үшін құжаттарға қоятын талаптарын орындау (фотосуреттің көлемі, сауалнаманы дұрыс, оқылатындай етіп толтыру, консулдық алымды төлеу және басқа талаптар), сіздің виза беру жөніндегі сұрауыңызды дер кезінде қарастырып, оны уақытында алуға көмектеседі.

 • Визаны алмай тұрып жол жүру билеттерін алудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын, шетел мемлекеттерінің елшіліктері виза берілмегендіктен немесе кешігіп дайындалғаннан болатын шығындарыңыз үшін жауап бермейді. 

• Визаны тез арада алуға белгілі күнге сатып алған билетіңіз көмектеседі деп ойламаңыз. Бірақ кейбір елшіліктер ондай талап та қоюы мүмкін.

 • Егер ол елге басқа мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін болсаңыз, онда транзиттік визаны ресімдеу жөнінде және оның аяқталу мерзімі мен шекарадан кедергісіз өту үшін қанша мәрте болу керектігі туралы алдын ала сұрап алыңыз.

 • Виза алғаннан кейін ондағы мәліметтердің дұрыстығын: паспортыңыздың нөмірін, атыңыз бен тегіңізді, туған күніңізді, визаның санаты мен мерзімін, шетел мемлекетінде қанша күн болуға рұқсат берілгенін тексеріңіз. Есіңізде болсын, басқа бір адамның визада жіберген қателігінен шет елге кірген кезде де, болған кезде де қиындықтар тууы мүмкін. Төменде Қазақстан азаматтары жиі баратын елдердің визалық тәртіптеріндегі ерекшеліктер көрсетілген.

Шенген аймағына кіретін елдер :

• «Еуропа Одағына мүше кейбір елдердің арасында кедендік паспорттық тексеруді алып тастау» туралы Шенген келісімі 26 мемлекетті қамтиды. Олар: Австрия, Бельгия, Венгрия, Греция, Дания, Германия, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Мальта, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария және Эстония; 

• Қысқа мерзімді шенген визаларының қолданылу тәртібі Шенген аймағына кіретін барлық елдерде бірдей. 

• Шенген шартын қабылдаған мемлекеттер Шенген аймағына кіруге және онда қалуға рұқсат беретін келесі санаттағы бірыңғай визаларды береді: (А) визасы – ұшақ жолаушыларына ғана беріледі және әуежайдың транзиттік аймақтан шығуға құқық бермейді; (В) транзиттік визасы – Шенген аймағының аумағы арқылы 5 күн ішінде транзитпен жүріп өтуге рұқсат береді; (С) қысқа мерзімді визасы – Шенген аймағына бірінші рет кіргеннен бастап 6 айдың ішінде 90 күнге дейін қалуға рұқсат береді; (Д) ұзақ мерзімді ұлттық визалар Шенген шартын қабылдаған басқа мемлекеттердің аумақтары арқылы 5 күн ішінде визасыз транзитпен жүріп өтуге рұқсат береді. 

• Бір мәртелік визамен Шенген аймағына визаны берген консулдық мекеменің елі арқылы ғана кіруге рұқсат етіледі. Мысалы, Сіз визаны Францияның консулдығынан алсаңыз, онда кез-келген Шенген еліне тек Франция арқылы бара аласыз. 

• Шенген аймағына Ұлыбритания, Ирландия, Румыния, Болгария және Кипр кірмейді. 

Пайдалы кеңестер 19.03.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы