Ишарат тілдері

Ишарат тілдері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2013 жылғы статистикасына сәйкес, әлемде құлақ кемістігі бар және саңыраулар саны 360 млн адам. Дамыған елдердің өзінде есту құралына 40 адамның 1-еуі ғана қол жеткізе алады. Алайда, құралсыз саңыраулар арасында қарым-қатынас қалай жасалады?
Көптеген ғасырлар бойы саңырау адамдар қоғамдық қысым, шеттету әрекеттерін ұшырады, тіпті, кейде осы табиғи кемшілігі үшін құрбан болғандар да бар. Алайда, ХVI ғасырда италияндық дәрігер Джером Кардан есту қабілетін айрылғандарға қандай да бір ортақ белгілер арқылы ойды жеткізуге болатынын дәлелдеді, осылайша, XVII ғасырда Шарль де Лепи қол және саусақтар көмегімен тұтас ойды түсіндіруге мүмкіндік берген әліпби құрастырды. Зерттеу қорытындыларын жинастыра отырып, 1965 жылы 300 астам ыммен көрсетілетін сөздер болса, 1975 жылғы сөздікте олардың саны 1500-ге артты. 
Саңыраулардың тілдерінде дактиль әліпбиі (әріптердің саңыраулар тіліндегі нұсқасы) және жекелеген ымдау тілі арасында айырмашылықтар бар. Дактилология арқылы жалқы есімдер, яғни адам аттары, елдер, таулар, географиялық мекен секілді сөздегі әрбір әріп жеке түсіндіріледі. Мысалы — «Р» - «И» - «М». Ал, түгелдей сөзді қолдың, саусақтардың өзге де мүшелердің көмегімен түсіндіруді ым арқылы түсіндіруге жатады(«рақмет», «ата»). Бүгінде осындай қимыл арқылы түсіндірілетін жалпы есімдер саны 2000-нан асады және жыл сайын жаңа ымдар пайда болады.

Қарапайым тілдер тобының топтастырылу үрдісі секілді саңыраулар тілі де аумағына қарай сұрыпталады. Тіпті, бір тілде сөйлейтін әр түрлі аумақтардың өзінде саңыраулар бір-бірін түсінбеуі мүмкін. Мысалы, АҚШ саңырау тілін Ұлыбританияның, яки германиялық тілді Австрияның саңырау тілінен ажырату қиын. Ымдау арқылы «сөйлеу» саңыраулар бойында қалыптасып кететіндіктен, ұйқыда сөйлейтін сау адамдар секілді, саңыраулар түсінде ым арқылы да сөйлейді деген факт бар.

https://www.facebook.com/gylym?fref=ts

Қызықты деректер 19.03.2015 жариялады
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы