Цинь Шихуандидің мәңгілік тыныштығын күзетуші саз сарбаздар әскері

Цинь Шихуанди,саз сарбаздар,сарбаздар

Өткен ғасырдың басты археологиялық ашылуларының бірі - Қытайдың Цинь династиясының алғашқы императоры Цинь Шихуандидің мәңгілік тыныштығын күзетуші саз сарбаздар әскері болды. Әскердің құрамына күйдірілген саздан жасалған 8099 сарбаздардың, 520 жылқының, 150 аттылы әскер жылқысы жегілген 130 күйменің мүсіндері кіреді. Ескерткіш 1974 жылы Қытайдың солтүстік батысындағы Сиань қаласының маңында орналасқан Шэньси провинциясында табылды. 40 жылда ғалымдар үнсіз әскер жайлы бірнеше қызық фактілерді анықтады.
• Жерлеу комплексі толық аяқталмаған.
Ғалымдар кесенені тұрғызуға 700 мың құрылысшы 38 жыл бойы еңбек еткенін анықтаған. Қазіргі таңда археологтар 20 шаршы миля аудан жерге қазба жұмыстарын жүргізген, нәтижесінде 4 қосымша шұңқыр табылды. Бірінші шұңқырда 6000 терракоттан (күйдірілген саз) сарбаз, екіншісінде жаяу әскер және кавалерия бөлімшелері, үшіншісінде күймелерінде отырған жоғары шенді шенеунітердің мүсіндері болса,төртінші шұңқырдың ішінен ештеңе табылмаған. Бұның себебін ғалымдар император жерлеу комплексінің құрылысы аяқталмай жатып қайтыс болғанымен түсіндіреді. 
• Әскер құрамындағы әрбір сарбаздың бет әлпеті әр түрлі.
Мүсіндердің реставрациясынан кейін, әскер құрамындағы сарбаздардың бет әлпеті мүлде қайталанбайтыны анықталды. Себебі, әр жауынгердің дене бітімі, кейпі нақты өмірдегі адамдардан көшірілген.
• "Саз сарбаздарының" қару-жарағы жақсы сақталған.
Қазба кезінде археологтар 40 мың дана қола қару тапқан, оның ішінде балталар, арбалеттер, жебелер, найзалар кездесееді. Ерекше хромдау техникасының арқасында қарулар 2000 жыл өткеннен кейін де өте жақсы сақталған. Германияда 1937 жылы қолданылған бұл техника — ІІ-ІІІ ғасырларда қытай металлургиясының жоғарғы деңгейінің көрсеткіші..
• Цинь Шихуандидің мазарында әлі күнге дейін қазба жұмыстары жүргізілмеген.
Цинь Шихуандидің жерленген жері анықталғанымен, ол жерде қазба жұмыстары әлі жүргізілмеген, себебі, мазар сынаппен безендірілген, ал қазба жұмыстары императордың мәйітіне зақым келтіруі мүмкін.

https://www.facebook.com/gylym?fref=ts

Қызықты деректер 19.03.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,092 қолданушы