Нобель сыйлығы

нобель сыйлығы

нобель сыйлығы

Физика саласы бойынша ең алғаш Нобель сыйлығына ие болған -Вильгельм Конрад Рентген. Оның негізгі табысты еңбегі қазір өзінің атымен аталып жүрген Х сәулесін ашуы. 1894 жылы Вильгельм Рентген Вюрбургск университетінің ректоры болып тағайындалғаннан кейін, шыны вакуумды түтіктегі электр разрядын тәжірибе жасау арқылы зерттеуді бастады. 1895 жылдың 8 қарашасында Рентген әдеттегідей лабораториясында жұмысын аяқтап, жарықты өшіріп, есікті жабар уақытта қараңғыда жанып тұрған дақты байқап қалады.Көкнегізді барийдан жасалған экран жарық шығарып тұр екен. «Не себепті ол жарқырап тұр? Күн шығып тұрған жоқ, электр шамы өшіп тұр». Катод түтікшесін өшіргенде жарықраған дақ та жоқ болып кетеді. «Қалайша? Катод сәулесі капталған сыртқы капшығынан өтпейді және түтік пен экранның ара қашықтығы 1 (бір) метр». Осылайша ашылулар басталады. 
Катод сәулелері көрінбейтіндей етіп түтіктің сыртын қапшықпен жауып, экранды қолына ұстап, ғалым лабораторияда қозғала бастады. Бір жарым - екі метр арақашықтық бұл белгісіз сәулелерге келдергі емес екенін байқайды. Олар кітап, әйнектен оңай өте алды. Ал, ғалым қолын белгісіз сәулелерге жақындатқанда экраннан колының сүйектерінің бейнесін көрді. Бұл сәулелерді ашудағы ең басты қадам көрген құбылысты фотопластинкаға түсіріп, сақтап алу болды. Зерттеуге елу тәулікті жұмсады. Рентген ашқан жаңалығын ең бірінші болып Берта атты жұбайына көрсетті. 1895 жылдың 28 желтоқанында университеттің физика - медицина ұйымының төрағасына «Сәулелердің жаңа түрлері» атты мақаласымен бірге жұбайының неке сақинасын киіп түскен колының фотопластинкадағы бейнесін жіберді. Келесі күні бұл жаңалықтан Европа физиктері де хабардар болды.

https://www.facebook.com/gylym?fref=ts

Қызықты деректер 19.03.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы