РУХЫ БИІК, НАМЫСЫ ӨР – ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 23 ЖЫЛ!

    

1991жыл – қазақ елі үшін ең айтулы есте қалар жылдардың бірі еді. Сол жылы   ата-баба арманы, халқымыздың қалауы өз Тәуелсіздігін алды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақ елі үшін өте ауыр болды. Сол ауыр жылдары қазақ елін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өрге сүйреді. Қазір біздің  рәміздеріміз: Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Туымыз көк аспанда қалықтап тұр. Қазақстан қазір әлем таныған ел. Қазақстанмен санаспайтын ел кемде-кем.

    Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Қазір еліміз ең дамыған 30 елдің қатырна кіру жолында тер төгуде. Тәуелсіздігіміздің арқасында өзге елдермен керегеміз кең, тереземіз тең отырмыз. 2015 жыл өте сәтті жыл болмақ. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституциямыздың 20 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Тәуелсіздік алғаннан бергі ең ірі жеңісіміз ЕХРО – 2017 көрмесін өткізу құқығы. Бұл біздің абыройымызды асқақтатары сөзсіз. Әрине бұл жеңістер Елбасы мен халқымыздың  арқасында. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты,  түтініміз түзу болсын!

      Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды, мәңгі болғай!

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 23 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Құттықтаймыз! 12.01.2015 жариялады
116,249 сұрақ
295,157 жауап
152,907 пікір
61,044 қолданушы