Шанақкале шайқасына 100 жыл

Çanakkale geçilmez... Түріктер бұл қанатты сөзді жақсы көреді. Өйткені, бұл сөз түркінің ХХ ғасырдағы, бәлкім соңғы үш ғасырдағы ең қиын шайқаста жеңіп шыққан күнімен байланысты ұғым. Биыл сол Шанақкале шайқасының 100 жылдығы. Дәлірек айтсақ, 1915 жылдың 18 наурызында Шанақкале бұғазында ағылшын мен француз флотын түрік әскерлері Мәрмәр теңізіне өткізбеді. Алып соғыс кемелерінің үштен бірін батырды. Сол күні бұғаздағы шайқасқа «Queen Elizabeth», линкор «Сюффрен», линиялық крейсер «Inflexible», 5 жеңіл крейсер, 22 эсминец, 9 сүңгуір қайық және қосымша кемелер қатысқан. Кемелердің ұзын саны 80 ге жетіпті. Кейін соғыс 9 айға созылып кетіпті. Бұғазды ала алмаған дұшпан құрлыққа десант та түсіріпті. Бірақ, нәтижесіз. Түріктер Шанақкале шайқасында жеңіп шықты. Англия мен Франция жағында соғысқан әскерлердің шығыны 250 мыңнан асады. Түріктер де одан көп болмаса, аз шығынға ұшыраған жоқ. Бірақ, түріктер нағыз ерліктің үлгісін көрсетті. Мұстафа Кемал Ататүріктің де қолбасшылық дарыны осы шайқаста байқалған. Дастандарға арқау болған оқиға еді ол.

Жанталаста 215 кг-дық снарядты көтеріп, зеңбіректі оқтаған онбасы Сейіттің аты аңызға айналды. Атыста оқтар ауада бір-біріне де тиіпті. 1 шаршы метр жерге 6 мың оқ түскен өңірлер де бар Шанақкаледе. Қысқасы, Анадолы түріктері үшін айтулы күн бүгін. Күллі түркінің баласы үшін де айырықша дата. Бүгін-Шанақкале жеңісінің 100 жылдығы!

Ауада бір-біріне тиген оқтар

Ауада бір-біріне тиген оқтар

Онбасы Сейіттің фотосы. Бірақ, көтеріп тұрғаны снарядтың өзі емес, макеті.

Онбасы Сейіт

Онбасы Сейіт снаряд тасыған жаңалау батареясының зеңбірегі. Қазір Ыстамбулдағы музейлердің бірінде тұр.

Онбасы Сейіт снаряд тасыған жаңалау батареясының зеңбірегі.

Бір шаршы метрге түскен оқтар. 6 мың оқ

Амангелді Құрметұлы

Қызықты деректер 18.03.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы