Қыз - қонақ дегеніміз не?

қыз қонақ,

Бала күнімізде ағайын-туыстың үйіне қонаққа барсақ есік алдында ойнап, жүре тамақтанып, дастарқанға "бала шайда" отыратынбыз. Алматыға оқуға түскелі, (яғни туған үйден жыраққа кеткелі, есейгелі) туыстарым, отбасым үйге келгенде қақ төрге шығарып, қонаққа барсақ төрінен орын беретін болды. Жасым кіші ғой деп қысылып-қымтырылсам: "Жасың кіші болса да, жолың үлкен. Себебі - сен қонақсың", - дейді. Кейде дастарқанға отырарда анамның жанына жайғаса қалсам, әжем ұрсып өз қасына шақырып алатын. Өз анамнан қызғанғаны несі екен деп әжеме іштей ренжуші едім. Сөйтсем, онсыз да кейін басқа үйдің босағасында жүреді, ең болмаса өз үйінің төрінде отырсын дейді екен ғой. Осыған қарап өзімнің жат жұрттық екенімді, қыздың ауылы алыс екенін, өз жұртыма тек қана сыйлы қонақ екенімді түсінемін. Қызға артылар жүк - төріне, төбесіне шығарып әдіптеген ауылыңды ұятқа қалдырмай, "тексіз жердің қызы" дегізбеу екен. Себебі келіннің тәрбиесіне қарап, ата-анасының кім екенін таниды екен. Сөзбен емес - іспен, ұрыспен емес - ақылмен жеткізген тәрбие...
Қыз - қонақ деген осы.

Қарлыға Нәсіпбайқызы Темірғали

Қазақ салт-дәстүрлері 18.03.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,095 қолданушы